KMG-Aero LLP has signed agreements for into-plane aircraft refueling services at Almaty International Airport with several foreign airlines. The expansion of cooperation was driven by a reduction in jet fuel prices and improved competitiveness of service conditions at the country’s key aviation hub.
The new agreements confirm the growing interest of international carriers in Almaty Airport and strengthen its position as a regional hub for passenger and cargo air transportation between Asia, the CIS countries, and Europe.
Among KMG-Aero’s new partners are SpaceBee Airlines, AZAL Azerbaijan Airlines, My Freighter Airlines, and Easy Charter.
▪️ SpaceBee Airlines is a new cargo airline from Uzbekistan specializing in international freight transportation.
▪️ AZAL Azerbaijan Airlines is the national carrier of Azerbaijan.
▪️ My Freighter Airlines is a Uzbekistan-based cargo airline headquartered in Tashkent, operating international cargo flights across Europe, Asia, and the Middle East.
▪️ Easy Charter is a cargo charter airline based in Tbilisi, Georgia. The company specializes in international charter operations and provides cargo flight organization services for clients in Europe, Asia, the Middle East, and CIS countries.
Efforts to attract international air carriers are being carried out in line with the instructions of the Head of State aimed at developing the country’s transit potential. Cooperation between airports and jet fuel suppliers to attract international traffic and create favorable fuel supply conditions is already delivering tangible results, contributing to the continued development of Kazakhstan’s aviation market.
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бірқатар шетелдік авиакомпаниямен Алматы халықаралық әуежайында ұшақтарды авиаотынмен қамтамасыз ету бойынша келісімшарттарға қол қойды. Ынтымақтастықты кеңейтуге авиаотын бағасының төмендеуі, еліміздің басты авиациялық хабындағы қызмет көрсету жағдайларының бәсекеге қабілетінің артуы мүмкіндік берді.
Жаңа келісімдер халықаралық әуе тасымалдаушыларының Алматы әуежайына деген қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар әуежайдың Азия, ТМД мен Еуропа елдері арасындағы жолаушылар және жүк тасымалдаушы әуе компаниялары үшін өңірлік хаб ретіндегі мәртебесін нығайтуда.
ҚМГ-Аэроның жаңа серіктестері қатарында SpaceBee Airlines, AZAL Azerbaijan Airlines, My Freighter Airlines және Easy Charter бар.
▪️SpaceBee Airlines — Өзбекстанның жүк тасымалдауға маманданған жаңа халықаралық әуе компаниясы.
▪️AZAL Azerbaijan Airlines — Әзербайжанның ұлттық әуе тасымалдаушысы.
▪️My Freighter Airlines — Ташкент қаласында орналасқан өзбек жүк әуе компаниясы. Ол Еуропа, Азия және Таяу Шығыс бойынша халықаралық жүк тасымалдау нарығында жұмыс істейді.
▪️Easy Charter — Тбилиси қаласында (Грузия) орналасқан чартерлік жүк әуе компаниясы. Ұйым халықаралық чартерлік әуе тасымалымен айналысады және Еуропа, Азия, Таяу Шығыс пен ТМД елдеріндегі клиенттерге жүк рейстерін ұйымдастыру қызметін көрсетеді.
Халықаралық авиакомпанияларды тарту жөніндегі жұмыс Мемлекет басшысының еліміздің транзит әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүргізіліп жатыр. Елде халықаралық әуе трафигін нығайту және отынмен қамтамасыз ету бойынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған әуежайлар мен авиаотын жеткізетін компаниялар арасындағы серіктестік өз нәтижесін бере бастады және Қазақстанның авиация нарығын одан әрі дамытуға ықпал етуде.