РТ

RT реактивті отыны ұшақтарда пайдалануға арналған. 

Физикалық-химиялық және пайдалану көрсеткіштері бойынша РТ МЕМСТ 10227 соңғы редакциясының талаптарына және және ТР ТА 013/2011 «автомобильдік және авиациялық жанармайға, дизельдік және кеме жанармайына, реактивті қозғалтқыштарға арналған жанармай мен мазутқа қойылатын талаптар туралы» Кедендік одақтың Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келеді. 

Негізгі сипаттамалары:

Толық жануды қамтамасыз етуге арналған жақсы булану

Ұшу қашықтығын қамтамасыз ету үшін жанудың жоғары толықтығы мен жылулығы

Жану камерасына жіберу үшін жақсы айдалуы мен төмен температуралы қасиеттері

Қалдықтардың қалыптасуына төмен бейімділік

Материалдармен жақсы үйлесімділік, тозуға қарсы және жоғары антистатикалық қасиеттері

Антистатикалық қасиеттері

РТ жанармайы халықаралық нормаларға толықтай сәйкес келеді, тіпті жекелеген көрсеткіштері бойынша деңгейі асып та түседі. Ол тозуға қарсы жақсы қасиетке ие, жоғары химиялық және термототықтырғыш тұрақтылыққа ие, күкірт құрамы төмен және меркаптандар жоқтың қасы. Жанармай толық көлемде жұмыстың жазылған ресурсын сақтай отырып, қозғалтқышты пайдалануды қамтамасыз етеді.

Реактивті қозғалтқыштарға арналған жанармай қауіптілігі аз өнім болып табылады және МЕМСТ 12.1.007-76 сәйкес қауіптіліктің 4-ші класына жасады.

Реактивті қозғалтқыштарға арналған жанармайды сақтаудың  кепілді мерзімі – дайындалған күннен бастап 5 жыл.