«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС өкілі – қоймашылар

Мейрамбек Ермағамбетов

«Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ

«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС өкілі – қоймашы

Асқар Әлімбаев

«Әулие-ата халықаралық әуежайы» АҚ

«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС өкілі – қоймашы

«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС авиаотын операторы ретінде өз қызметін жүзеге асыру кезінде негізгі қызметкерлердің бірі – қойма өкілдерінің функционалы болып табылады. «ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС қойма өкілдері қауіпті инфрақұрылым объектілерінде жұмыс істеу үшін арнайы рұқсаттар алу үшін тиісті оқытудан өтеді және мұнай өнімдерімен жұмыс істеу кезінде есеп айырысу стандарттарын, қағидалары мен әдістемелерін меңгереді.

«Біз қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, кез келген ауа райы жағдайында инфрақұрылым нысандарында жұмыс істейміз. Сақтау қоймаларында мұнай өнімдері бар вагон-цистерналарды қабылдауды қамтамасыз етеміз, оған темір жол станциясында құжаттарды ресімдеу, вагоннан өнімнің саны, тығыздығы мен температурасының көрсеткіштерін өлшеу және тіркеу, мұнай базасының зертханашылары келіп түсетін мұнай өнімінің әрбір партиясының тазалығын алғашқы тексеру процессіне қатысу, қабылдау актілерін тәмамдау, қабылдау және төгу кезінде толық талдау алу үшін аккредиттелген зертханаға сынамаларды іріктеу және жіберу кіреді. Еліміздің әуежайларында біз контрагенттердің әуе кемелерін «қанатқа» құю арқылы авиаотынды өткізуге байланысты құжат айналымына күнделікті бақылау жүргіземіз. Әуежайдың құрылымдық бөлімшелерімен үйлестірілген өзара іс – қимыл кезінде әуе кемелеріне жанармай құю қызметтерін көрсету кезінде техниканың жұмыс істеуін қамтамасыз етеміз» – дейді Мейрамбек Ермағамбетов.

«Бұдан басқа, біз қоймаға мұнай өнімдерін құю және автоцистерналармен шығару процесін қамтамасыз етеміз және бақылаймыз, оған құйылған өнімнің мөлшерін, тығыздығы мен температурасын анықтау, тауар-көлік жүкқұжаттарын ресімдеу, контрагенттердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қарулы күштері мен арнаулы мемлекеттік органдарының атына өткізілетін мұнай өнімдерінің мөлшерін реттеу кіреді. Бұл олардың үздіксіз қызметі және қойылған міндеттерді уақтылы орындауын қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, жұмыс барысында біз мұнай өнімдерінің сапасын растау үшін мұнай базаларындағы зертханалар мен тәуелсіз зертханалардың қызметіне жүгінеміз» – деп толықтырды Асқар Әлімбаев.

1
ҚазМұнайГаз- Аэро командасы «Бірлік жүгірісі» жарысына қатысты
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) тобының қызметкерлері елорданың көктемгі басты жарысы — Қазақстан халқының...
1
ҚазМұнайГаз - Аэро «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына қатысты
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) компаниялар тобының...
WhatsApp Image 2024-01-29 at 17.06
«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС «Wizz Air», «Corendon Airlines», «Fly Dubai», «VietJet», «Air Cairo», «Red Sea Airlines» және «Turkish Airlines» әуе компанияларының ұшақтарына жанармайды «қанатқа» құюды бастады.
«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС әлемнің жетекші әуе компаниялары – «Wizz Air», «Corendon Airlines», «Fly...
1
«ҚазМұнайГаз - Аэро» «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қолдау мақсатында ҚМГ – Аэро орталық кеңсесі және...
 на сайт 3
Жаңалық
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» Жолдауына...
photo_5258014936926382218_y
ҚМГ – Аэро өңірлердегі ҚР Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның эвакуациялық тікұшақтарын авиакеросинмен қамтамасыз ету бойынша жедел жұмыстарды жалғастыруда
Солтүстік Қазақстанда су тасқыны аймағында тұратын жергілікті тұрғындарды эвакуациялау шаралары жалғасуда....
DSC_2466_2
ҚазМұнайГаз – Аэро және S7 Airlines серіктестіктің басым мәселелерін талқылады
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС алаңында S7 Airlines компаниясымен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың...
ec8091a2-ca89-4e3e-b846-e55331c21b2a
«ҚазМұнайГаз - Аэро» ЖШС (ҚМГ еншілес кәсіпорны) еліміздің су тасқынынан зардап шеккен аймақтарындағы халықты эвакуациялауға белсенді қатысуда
«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС (ҚМГ еншілес кәсіпорны) еліміздің су тасқынынан зардап шеккен аймақтарындағы...
 1
Әмірбек Ниязұлы Мұхамбетов
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС авиациялық жанар-жағармай технигі
Орналасқан жері: «Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай» АҚ (Ақтөбе қ.)
Әмірбек Ниязұлы Мұхамбетов «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС авиациялық жанар-жағармай технигі Орналасқан жері:...
DSC_1109
Жаңалық
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС еліміздің су тасқынынан зардап шеккен аймақтарын мұнай өнімдерімен қамтамасыз...