«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) тобының қызметкерлері елорданың көктемгі басты жарысы — Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлік жүгірісі» бірлік марафондық жарысына қатысты.
«ҚазМұнайГаздың және жеке өз атымнан жарыстың ұйымдастырушылары — Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Астана қаласының Триатлон Федерациясына алғыс білдіремін! Бізге шынжүректен қолдау көрсету үшін келген Компаниямыздың қызметкерлеріне, сонымен бірге марафонға қатысушылардың отбасылары мен жақындарына да ерекше рахмет айтамын. Спорт — еліміздің барлық этностарының береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырып, бірыңғай мықты және тату командаға жұмылдыруға атсалысатын ең жақсы тәсілдердің бірі», — деп тоқталып өтті ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.
Іс-шараға Қазақстанның басқа өңірлерінен, барлық этно-мәдени бірлестіктерден, сондай-ақжастар және инклюзивті қозғалыстан келген спортшылар да қатысты.