Ташкентте Орталық Азияның жүк авиациясы саммиті өтті

Ташкентте Орталық Азияның жүк авиациясы саммиті өтіп, оған авиакомпаниялар, әуежайлар, логистикалық және қаржылық ұйымдар, сондай-ақ әуе тасымалдау саласындағы мамандардан 300-ден астам қатысушы жиналды. Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту және «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС қызметін кеңейту мақсатында, компания өкілдері Форумға қатысты.

Саммит аясында Air Baltic, Baltic Cargo, Saudia Cargo, Centrum Air, Air Samarkand, Fits Cargo, Tashkent Air және My Way секілді негізгі серіктестермен маңызды келіссөздер жүргізілді. Келіссөздер барысында Қазақстан әуежайларын 2025 жылғы ұшу бағдарламасына енгізу және әуежайларда жанармай құю жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.

«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нің саммитке қатысуы компанияның халықаралық нарықта белсенді жұмыс істейтінін және Қазақстанның Орталық Азиядағы логистикалық хаб ретінде маңыздылығын арттыруға бағытталған стратегиялық мақсатын көрсетеді.

Сонымен қатар, Өзбекстандағы жетекші мұнай-газ компаниясы Saneg компаниясының шақыруымен, «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС өкілдері Ташкент әуежайындағы жанармай құю кешенінің жұмысымен танысты.

Қазақстан әуежайларындағы жанармай инфрақұрылымын дамыту бойынша жүзеге асып жатқан инвестициялық жобалар аясында екі тарап ынтымақтастық, жобалау және жанармай құю кешендерін пайдалану мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Saneg өкілдері Jet A-1 маркалы авиаотынына көшу тәжірибесімен бөлісті.

3
«Наурыз мейрамы» сурет байқауы!
«КазМунайГаз – Аэро» ЖШС Наурыз мерекесіне арналған балалар суреттері байқауының қорытындысын шығарды....
4
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС қызметкерлері Республикалық командалық-штабтық «Көктем-2025» оқу-жаттығуларына белсене қатысты
2025 жылдың 6-7 наурыз аралығында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС қызметкерлері Республикалық командалық-штабтық...
5370706911609088787 (1)55
ҚазМұнайГаз және LanzaJet Қазақстанда экологиялық таза авиаотын өндіру жобасын талқылады
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов АҚШ-қа жұмыс сапары барысында америкалық LanzaJet...
2
ҚазМұнайГаз және ICAO Қазақстанның халықаралық авиаотын стандартына көшу мәселесін талқылады
    «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Халықаралық...
1
ҚазМұнайГаз Актобе әуежайында ауқымды инвестициялық жобаны іске қосады
      «ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС (КМГ-Аэро – «ҚазМұнайГаз»...
WhatsApp Image 2025-02-05 at 15.36
«ҚазМұнайГаз - Аэро» ЖШС Silk Way West Airlines әуекомпаниясымен Қырғызстанның әуежайларында әуе кемелеріне «ұшақтың қанатына» жанармай құю туралы келісімге отырды
«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС Silk Way West Airlines әуекомпаниясымен Қырғызстанның әуежайларында әуе...
5246727105742501344
«КазМунайГаз – Аэро» ЖШС авиациялық отын операторы ретінде Қырғызстан нарығына шығуда
«КазМунайГаз – Аэро» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ еншілес компаниясы) Қырғызстанның авиациялық нарығында...
5226581273877802147
КМГ – Аэро және SpaceBee Airlines Қазақстан әуежайларында әуе кемелеріне «ұшақтың қанатына» жанармай құю туралы келісімге қол қойды
«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС және SpaceBee Airlines 2025 жылға арналған Қазақстан әуежайларында әуе кемелеріне...
1
KMG facts
2024 жылы «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚазМұнайГаз компаниясының еншілес ұйымы) 282 мың тоннадан астам мұнай...
1
ҚазМұнайГаз волонтерлері Ана мен бала орталығында ем алып жатқан балаларға жаңа жылдық акция ұйымдастырды
Астанада ҚМГ волонтерлері балаларға қуаныш пен мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін Ана мен бала ұлттық ғылыми...