«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС

«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС – бұл «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың жоғары тиімділігі бар бөлімшесі, ол Қазақстан Республикасының авиациялық жанармаймен қамтамасыз ету нарығында 2014 жылдың ортасынан бастап жұмыс істейді.

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1304 «мұнай өнімдерін жеткізу бойынша бірыңғай операторды анықтау туралы» Қаулысына сәйкес (2019 жылғы 24 мамырдағы өзгерістермен) «ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға бензин, дизель отынын, мазут, авиациялық отын жеткізу бойынша бірыңғай оператор болып табылады.

«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС – бұл

01

Әуежайлардың жанармай құю кешендерін кешенді инновациялық-технологиялық дамыту

02

ҚР әуе жанармайын қамтамасыз ету саласындағы жаңа модельдің жасалуы

03

Баға жасаудың нарықтық және нақты механизмін қалыптастыру