«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС міндеті:
Әуе кемелерін жанармаймен толтыратын тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті компания құру;
Әуе жанармайымен қамтамасыз ететін әуе компанияларымен тікелей келісімшарттар жасау арқылы әуе жанармайының ішкі нарығын тұрақтандыру.
Стратегиялық басымдылықтары:
- Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау және Серіктестік қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.
- Кешенді инновациялық-технологиялық даму.
- Алынатын ресурстарды тиімді пайдалану.
- Серіктестік қызметінің тұрақты дамуын және тиімділігін үздіксіз көтеруді қамтамасыз ету.
- Әлеуметтік жауапкершілік және кадрлық әлеуетті дамыту.
- Шешімдер қабылдаудағы және оларды іске асырудағы жүйелілік және жылдамдық.
- Тәуекелдерді мұқият талдау негізінде жедел және инвестициялық қызметте шешімдер қабылдау.
- Отандық тауар өндірушіні қолдау және жергілікті өнімді ұлғайту.