«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС – 2014 жылдың орта шенінен бастап Қазақстан Республикасында әуе жанармайын қамтамасыз ету нарығында қызметін жүзеге асырған «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ тиімділігі жоғары бөлімшесі.
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1304 Қаулысымен «ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС ҚР Қарулы күштерінің, ҚР ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметінің, ҚР Ұлттық ұланның, азаматтық қорғау саласындағы құзырлы органның, мемлекеттік материалдық қор саласындағы құзырлы органның ТС-1/РТ маркалы реактивті қозғалтқыштарына жанармай жеткізу бойынша Бірыңғай оператор болып анықталған.
Әуе кемелерін жанармаймен толтыратын тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті компания құру;
Әуе жанармайымен қамтамасыз ететін әуе компанияларымен тікелей келісімшарттар жасау арқылы әуе жанармайының ішкі нарығын тұрақтандыру.
ТолығырақОсы блогтың көмегімен біз сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге, Серіктестіктің қызметіне қатысты ұсыныстарды қарастыруға тырысамыз