«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС жалғыз қатысушысы «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ болып табылады.

«ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ негізгі қызметі Қазақстан Республикасының ішкі нарығын сапалы мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету және оны жоғары сапалы мұнай өнімдерін өндіру арқылы тұрақтандыру және оларды тармақталған жекеше желілер арқылы сату болып табылады. «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ көрінісі – бұл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мықты орынды иемденген, модернизацияланған мұнай өңдеуші активтерге және мұнай өнімдерін өткізудің тармақталған каналдарына ие «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ даунстримбөлімшесі.