Бұл бөлім авиациялық отынды заңды тұлғалардың – авиакомпаниялардың өз қажеттіліктері үшін сатып алуына арналған. Егер сіз авиакомпанияның уәкілетті өкілі болсаңыз және «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нен авиациялық отын сатып алуға мүдделі болсаңыз, жеке кабинетке кіру үшін тіркеу рәсімінен өтуіңіз қажет. Ол үшін жеке кабинетте авиациялық отын сатып алуға арналған өтінімдерді одан әрі беру мақсатында тіркеудің келесі шарттарымен мұқият танысуыңызды сұраймыз:
Тіркеу шарттары:
Жүйеге тіркелу және жеке кабинетке кіру үшін қоса берілген нысанға сәйкес САУАЛНАМАНЫ толтыру қажет. Сауалнамаға ұйымның бірінші басшысы не сауалнамаға ұйымның фирмалық мөрін қойып, өзге де уәкілетті тұлға қол қоюға тиіс. Тиісті түрде толтырылған және қол қойылған сауалнама «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-не электрондық мекенжайға жіберіледі: reg@aero.kmg.kz, кейіннен міндетті түрде түпнұсқаны пошта арқылы жіберу. Толтырылған және қол қойылған сауалнаманы жіберу фактісі ұйымның осы шарттармен келісімін білдіру нысаны болып табылады. Алынған әрбір сауалнаманы «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС жоғарыда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Бұл ретте, қажет болған жағдайда, «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС сауалнаманы қарау мерзімін ұзартуға тиісті қосымша мәліметтерді және/немесе құжаттарды сұратуға құқылы. Сауалнаманы жіберген ұйым «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС ұйымды жүйеде тіркеуден бас тартуға құқылы екендігімен келіседі. Сауалнама мақұлданған жағдайда, қосымша мәліметтерді және/немесе құжаттарды алу қажеттілігі болмаған жағдайда, сауалнамада көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жеке кабинетте одан әрі жұмыс істеу үшін логині мен паролі бар тиісті электрондық хат келіп түседі.
Әлеуетті сатып алушылардың назарына: жеке кабинетте жұмыс істеу үшін сіз Реактивті қозғалтқыштар үшін отын сатып алуға арналған сұраныстарды қабылдау регламентімен және оларды қарап танысуыңыз қажет.
Біздің компанияға хабарласқаныңыз үшін рахмет!