ҚМГ мен Exolum Қазақстандағы авиаотын инфрақұрылымын бірлесіп дамытады

Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Exolum» халықаралық тобының авиациялық бағыты жөніндегі аға вице-президенті Иван Муиньомен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысының еліміздің көлік-логистикалық және транзит әлеуетін кеңейту бойынша алға қойған міндеттері аясындағы авиаотын инфрақұрылымын дамыту үшін ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚМГ, «ҚазМұнайГаз-Аэро» және «Exolum Aviation» компаниялары арасында стратегиялық ынтымақтастықтың негізгі шарттары туралы үшжақты келісімге қол қойылды. Құжат отандық әуежайлардың авиаотын инфрақұрылымын дамыту үшін халықаралық инвестицияларды, озық технологияларды және салалық құзыреттерді тартуды көздейді. Exolum үшін Қазақстан нарығына кіруі – бұл Еуразия өңіріндегі қатысуын кеңейтудің бірінші кезеңі болмақ.

Тараптар өзара іс-қимыл аясында жанармай құю кешендері мен авиаотынды сақтауға арналған базалардың құрылысын, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған нысандарды жаңғыртуды қарастырып отыр. Жаңа және жаңартылған инфрақұрылым сапа, қауіпсіздік және пайдалану бойынша Бірлескен инспекциялық топтың (Joint Inspection Group, JIG) талаптарына сәйкес халықаралық Jet A-1 стандартының авиаотынымен жұмыс істеуге бейімделеді.

Өз кезегінде ҚМГ қазақстандық нарықтың сараптамасын, авиация саласының қатысушыларымен өзара іс-қимылды және перспективті жобаларды пысықтауды қамтамасыз етеді.

— Саладағы ірі халықаралық компаниялардың бірімен ынтымақтастық орнату технологиялық жаңартуды жеделдетуге, отын инфрақұрылымын басқарудың озық тәжірибесін енгізуге және Қазақстан арқылы өтетін халықаралық авиатасымалдауды одан әрі ұлғайтуға жағдай жасауға мүмкіндік береді. Ұлттық компания ретінде ҚМГ үшін Exolum тәжірибесі мен технологияларын қазақстандық мамандарға беру, жергілікті кадрлардың кәсіби шеберліктерін дамыту және отын нысандарын пайдалануда заманауи тәсілдерді енгізу ерекше маңызға ие, — деді А.Хасенов.

Жақын арада тараптар кешенді экономикалық талдау жүргізіп, оның нәтижелері бойынша нақты жобалар, инвестиция көлемі, міндеттерді бөлу және алдағы ынтымақтастық кезеңдері анықталады.

Анықтама:

«Exolum» — штаб-пәтері Мадрид қаласында орналасқан, мұнай өнімдерін және басқа да құймалы жүктерді тасымалдауға және сақтауға маманданған халықаралық инфрақұрылымдық топ. Ол Еуропа мен Американың 10 елінде жұмыс істейді. Жалпы ұзындығы шамамен 6 мың км құбырды және жалпы сыйымдылығы 11 млн текше метрден асатын 68 терминалды басқарады.

«Exolum Aviation» — «Exolum» тобының авиация бағытындағы бөлімшесі, отын құю кешендерін және әуе кемелеріне жанармай құю бойынша бірыңғай жүйелерді жобалайды, құрылысын жүргізеді және пайдаланады. Компания Еуропа мен Латын Америкадағы 50 әуежайдың жанармай инфрақұрылымына қызмет көрсетеді. Exolum Aviation — авиаотын сапасы мен қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарын дамыту мен қолдану үшін сала өкілдерін біріктіретін JIG қатысушысы.

photo_2026-11-10_12-22-53
ҚазМұнайГаз және KBR Қазақстандағы SAF жобасының іске асырылу барысын талқылады
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Вашингтонда (АҚШ) өтіп жатқан B20 USA Summit...
19156ae96e6b942a3
ҚМГ-Аэро Қазақстанда Sun PhuQuoc Airways рейстеріне отын құю қызметін көрсетеді
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-ның еншілес ұйымы) Вьетнамның Sun PhuQuoc Airways компаниясымен Қазақстан...
photo_2026-10-28_09-41-53
ҚМГ мен Exolum Қазақстандағы авиаотын инфрақұрылымын бірлесіп дамытады
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Exolum» халықаралық тобының...
photo_2026-10-21_07-12-01
National Airlines Қазақстандағы рейстер географиясын кеңейтті: бағыттар қатарына Ақтөбе қосылды
Америкалық National Airlines әуе компаниясы Қазақстандағы рейстер географиясын кеңейтті. Биыл 20 қазанда...
photo_2026-10-16_11-29-28
ҚМГ-Аэро америкалық National Airlines әуе компаниясының ұшақтарына жанармай құюды бастады: алғашқы жүк рейсіне Түркістанда қызмет көрсетілді
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС америкалық National Airlines...
photo_2026-10-12_14-25-39
ҚМГ-Аэро Uzbekistan Airways және Centrum Holding компанияларымен ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Uzbekistan Airways және Centrum Holding компанияларымен жаңа жолаушылар бағыттарын...
photo_2026-10-09_18-11-24
Алматыға flydubai алғашқы жүк рейсін орындады: ҚМГ-Аэро әуе кемесіне жанармай құюды қамтамасыз етті
Алматы халықаралық әуежайы flydubai әуе компаниясының Дубай – Алматы – Дубай бағыты бойынша алғашқы жүк...
photo_2026-09-15_16-32-28
«ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясы Түркістан облысында авиациялық отынды сақтау базасын салады
Түркістан облысының Сауран ауданында авиациялық отын және жанар-жағармай материалдарын сақтау базасының...
photo_2026-08-11_10-17-46
ҚМГ-Аэро Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясының рейстеріне жанармай құя бастады
ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының...
1
Ақтөбе-Ташкент рейсінің іске қосылуы: ҚМГ-Аэро Centrum Air ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз етеді
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Өзбекстанның Centrum Air компаниясы Ақтөбе халықаралық...
1 2 3 … 20