Turkish Airlines

Ағымдағы жылдың 9 наурызында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС кеңсесіне Turkish Airlines бас кеңсесінің өкілдері келді.

Кездесу барысында авиациялық отынмен қамтамасыз ету мәселелері және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың одан әрі перспективалары талқыланды.

Turkish Airlines авиациялық отын басқармасының инженері Эрен Эрол Қазақстан Республикасының Түркия мемлекеті үшін маңызды нарық екенін атап өтті. Мамыр айынан бастап рейстер жиілігін арттыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта қазақстандық қалаларды қамтуды арттыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Сонымен қатар, Эрол мырза «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС басшылығына жоғары кәсіби, жүйелі және жауапты жұмысы үшін алғыс білдірді. Ол «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС түрік авиациясының флагманы «Turkish Airlines» компаниясының сенімді әрі стратегиялық серіктесі екенін баса айтты.