Тұтынушылардың алғысы – жұмыс сапасының көрсеткіші

Тұтынушылардың алғысы – жұмыс сапасының көрсеткіші

 Контрагенттердің алғыс хаттары іскерлік бедел мен эрудицияны мойындау, іскерлік серіктестіктердің сенімділігін растау және одан әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа ұмтылудың бірден-бір көрсеткіші. «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС қызметінің басымдығы, ең алдымен, контрагенттер мүддесі болып табылады.

2022 жылдың соңында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС басшылығы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алғыс хаттарымен атап өтілді.

«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС 2014 жылғы желтоқсаннан бастап (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1304 қаулысына сәйкес) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен арнайы мемлекеттік органдарына мұнай өнімдерін жеткізу бойынша Бірыңғай оператор болып табылады. Ынтымақтастық арқасында біз әріптестерімізбен бірге Отанымыздың қорғанысы мен тыныштығы үшін ең күрделі міндеттерді жедел шешіп, сенімді түрде алға жылжып келеміз», – деп «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бас директорының орынбасары Ерлан Юсупов атап өтті.

Сондай-ақ, Бірыңғай оператор жобасының бөлімі қызметкерлерінің өкілі ретінде Қызмет басшысы Төрехан Ермеков ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Алғыс хатымен атап өтілді.

Төрехан Милатұлы 2015 жылдан бастап Бірыңғай оператор жобасы қызметінде қатардағы менеджерден бастап Қызмет басшысы лауазымына дейін жетті.

«Бірыңғай оператор жобалары бойынша жұмыс шеңберінде «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС «Батыл Тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуын, «Каспий-Антитеррор-2021» ТМД-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдарының лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуын ұйымдастыруға мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жағынан көмек көрсеткені қуантады» – деп атап өтті «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Бірыңғай оператор жоба қызметінің басшысы Төрехан Ермеков.