Болашақтан хабар

2020 жылдың қорытындысы бойынша азаматтық авиация ұшақтары шығаратын көмірқышқыл газы жер шарындағы барлық зиянды шығарындылардың шамамен 50 пайызын құрады. Жолаушылар тасымалының қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін барынша азайту үшін Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ИКАО) мүше 190-нан астам ел экономиканың басқа салаларындағы шығарындыларды азайту арқылы авиациядан келген зиянды өтеу туралы шешім қабылдады.

Ағымдағы жылдың 6 ақпанында  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ,             «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және Axens халықаралық компаниясының өкілдері арасында баламалы тұрақты отын (Sustainable aviation fuel, SAF) өндіру мәселелері бойынша кездесу өтті. SAF – реактивті ұшақтарда қолданылатын тұрақты авиациялық отын.

Кездесу барысында Қазақстанның болашақ SAF өндірушісі ретіндегі әлеуетінің мәселелері талқыланды.

Анықтама үшін: Axens – мұнай мен биомассаны таза отынға айналдыруға, негізгі мұнай-химия өнімдерін өндіруге және тазартуға, сондай-ақ газды