Ағымдағы жылдың 2 ақпанында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС қызметкерлері Мәскеуде өткен «Авиациялық отын – 2023» XII Еуразиялық халықаралық конференцияға қатысты.
«Авиациялық отын – 2023» – авиациялық отынмен қамтамасыз ету нарығын дамытудағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған жыл сайынғы ең ірі кәсіби іс-шара.
Биылғы жылы конференцияға авиация саласының барлық өкілдері, соның ішінде ғалымдар қатысты. Конференцияға қатысушылар авиакеросин нарығын дамытудың негізгі тенденцияларын және мемлекеттік саясат, авиакеросинмен қамтамасыз етуді құқықтық реттеу, баға белгілеу мәселелері, авиакеросиннің сапасы, цифрландыру, стандарттау, сондай-ақ мұнай өндіру саласындағы басқа да өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар балама тұрақты отынды өндіру мен пайдалануға байланысты сұрақтар көтерілді.
«ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясының қызметкерлері конференцияның спикерлерімен және қатысушыларымен іскерлік байланыс орнатуға, сондай-ақ әлеуетті контрагенттермен келіссөздер жүргізуге мүмкіндік алды.
