Күш бірлікте

Ағымдағы жылдың 26 ​​қаңтарында «Қазақстанның Авиация әкімшілігі» АҚ-ң бастамасымен барлық мүдделі тұлғалармен авиациялық отынмен қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылауға арналған бейнеконференция форматында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының мүдделі министрліктері, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, «Самрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, Қазақстан Республикасы әуежайларының, мұнай өнімдерін сараптау орталықтарының өкілдері және т.б. қатысты.

Дөңгелек үстелге «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС ұлттық авиациялық жанар май операторы ретінде қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында көршілес елдерден авиакеросин импортына қатысты мәселелер, сондай-ақ шағын ұшақтарды авиакеросинмен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Қазақстанның авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары келісілді.