«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ арасында кездесу өтті

     Азаматтық авиация – әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан көліктік қызмет түрлерінің бірі. Өнеркәсіптің дамуы, елдер мен континенттерді байланыстырумен қатар, көптеген іргелес қызметтердің және жалпы экономиканың дамуына айтарлықтай септігін тигізеді. Қазақстандағы азаматтық авиацияның көліктік-логистикалық әлеуетін іске асыру және маршруттық желілерді дамыту үшін маңызды сыртқы артықшылықтары: Азияның негізгі дамушы нарықтары мен Еуропа арасындағы географиялық жағдайы және осы елдердегі әуе тасымалының өсімі болып табылады.

     Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ арасында кездесу өтті. Компаниялардың басшылығы жұмыс форматында авиация саласының дамуын, соның ішінде Қазақстанда азаматтық авиацияның дамуын тежейтін мәселелерді шешу – салаға инвестицияның мультипликативті әсерінің болмауы және адал бәсекелестікке жағдай жасалуын талқылады. Сонымен қатар, JIG халықаралық стандарттарына көшу және Jet A-1 үшін жанармай құю кешенін жаңғырту бойынша келіссөздер жүргізілді.

     Тараптар авиация саласындағы көптеген өзекті мәселелерді шешуде ортақ келісімге келіп, Қазақстан Республикасы экономикасын дамытудың игілігі үшін бірігіп жұмыс атқаруға келісті.