KMG-Aero және VietJet Air – шекарасыз ынтымақтастық.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ авиакеросин бизнесінің операторы «ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясы Астанадағы Н.Назарбаев әуежайында вьетнамдық VietJet Air әуе компаниясымен ынтымақтастықты бастады.

Ынтымақтастық аясында VietJet Air өкілдері ҚМГ-Аэро кеңсесіне жолықты. Кездесу барысында авиациялық отынмен қамтамасыз ету мәселелері және одан әрі ынтымақтастық стратегиясы талқыланды. Вьетнам әуе жолдарының өкілдері ҚМГ-Аэроға жедел және кәсіби жұмысы үшін алғыс білдірді.

Анықтама:

VietJet Air – Вьетнамнан шыққан халықаралық әуе компаниясы. 2007 жылдан бастап жолаушыларды тасымалдауға рұқсат алды. Бұл Вьетнамда құрылған алғашқы жеке авиакомпания. 19-дан астам бағыт бойынша 10 елге (Сингапур, Малайзия, Мьянма, Индонезия, Камбоджа, Тайвань, Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония және Үндістан) халықаралық рейстерді орындайды. Әуе компаниясының паркінде 78 Airbus A320, A321, A321neo, A330 ұшақтары бар.