«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖСШ-ң қызметкерлері марапатталды

27 желтоқсанда ҚМГ-Аэро компаниясының қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Жыл жетістіктерін қорытындылай отырып, ұжымдар мен жекелеген мамандар жоғары бағаланды. Соның ішінде сенімділік, адалдық, өз жұмысына және өндірістік нәтижеге шығармашылықпен қарау сияқты қасиеттерге ие мамандар ерекше атап өтілді.

Биылғы жылдың өз мамандығы бойынша үздіктері:

Виктория Нам – Логистика және операциялық бақылау қызметі

Қуаныш Сайлау – Бизнес-жоспарлау қызметі

Абай Жанәділов – Заң қызметі

Нұрлыбек Сабыров – Кадрлар және құжаттама бөлімі

Алемгүл Рахметова – Бухгалтерлік есеп

Әнуар Сәрсенов – Сатып алу және жабдықтау бөлімі

Мадина Қабланбекова – Кәсіпкерлікті дамыту бөлімі

Мансур Қожахметов – Логистика және операциялық бақылау қызметі

Әйгерім Қаршал – Маркетинг қызметі

Қайрат Жұмабаев – Логистика және операциялық бақылау қызметі

Мейрамбек Ермағамбетов – Бірыңғай оператор жобасының қызметі

Таңат Есімжанов – Бірыңғай оператор жобасының қызметі

Қуаныш Сайлау өмірінің 8 жылын мұнай-газ саласына арнады. Ол компанияға 2018 жылы бюджеттік жоспарлау бөліміне жұмысқа орналасты. Содан бері Қуаныш әріптестерімен бірге аянбай еңбек етіп келеді: бюджетті қалыптастырады, бюджеттік өтінімдер мен инвестициялық жобаларды дайындайды. «Мен салыстырмалы түрде жас, бірақ сонымен бірге қарқынды дамып келе жатқан компанияның бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын. Бізде кәсіби мамандардың тамаша командасы бар, мен бүгінгі марапатты бүкіл бөлімге ортақ деп санаймын».

Мадина Қабланбекова да жұмысындағы кәсіби шеберлігі үшін алғыс хатпен марапатталды. Ол компанияда 5 жылдай жұмыс істейді: – Бұл менің ғана емес, барлық әріптестерімнің еңбегі деп ойлаймын. Компанияның нарықта жоғарғы қарқында қызмет көрсетуі, жүйелі, қажырлы және топтық жұмысты талап етеді. Біздің еңбегіміз бен адалдығымыз бағаланғанына өте ризамын.

Ильдар Шамсутдинов, «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бас директоры: – Кез келген компанияның даму стратегиясының ең маңызды бөлігі – кадр саясатының тұрақты дамуы. Бүгінгі шара – кадрлық әлеуетті дамытуға және қызметкерлерді ынталандыруға бағытталған шаралардың бірі. Біз қызметкерлерімізді бағалаймыз және әрбір қызметкерге мән береміз».