Қуат күші – қанатта!
Ақтөбе әуежайымен тиімді ынтымақтастықтың арқасында «ҚазМұнайГаз-Аэро» Ақтөбе қаласындағы Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайда ұлттық әуе компанияларының ұшақтарына «қанатқа» жанармай құюды бастады.
Қазіргі уақытта ҚМГ-Аэро Қазақстан Республикасының жеті әуежайында «қанатқа» жанармай құю қызметін ұсынады: Астана, Ақтөбе, Семей, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай және Көкшетау.
ҚМГ-Аэро «қанатқа» жанармай құю қызметін ұсынатын Қазақстан Республикасындағы әуежайлар желісін ары қарай кеңейту жұмыстарын, сонымен қатар өз тұтынушыларын, авиакомпанияларды сапалы өніммен және ең тиімді бағамен қамтамасыз етуге ниетті.


