Ағымдағы жылдың 15-17 қарашасында Нью-Дели қаласында IATA Aviation Energy Forum өтті

Ағымдағы жылдың 15-17 қарашасында Нью-Дели қаласында IATA Aviation Energy Forum өтті.

Жанармай форумы мен Тұрақты авиациялық жанармай (SAF) симпозиумының бірігуі болып табылатын аталмыш Форум әлемдік авиация саласының жетекші компанияларын біріктірді.

Ауқымды шараға «ҚазМұнайГаз-Aэро» ЖШС атынан бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Әлия Айталиева мен маркетинг бөлімінің менеджері Әйгерім Қаршал қатысты.

Әйгерім Қаршалдың айтуынша, авиациялық энергетика форумында жаһандық авиациялық жанармай өндірушілер, авиакомпаниялар, жанармай және тұрақты авиациялық жанармай жеткізушілер, сондай-ақ IATA-ның басқа да стратегиялық серіктестері авиациялық жанармаймен қамтамасыз ету саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелермен қатар атмосфераға зиянды СО2 шығындарын азайту және 2050 жылға дейін нөлдік шығындарға қол жеткізуді одан әрі дамыту бағытын талқылады.

«IATA Aviation Energy Forum – авиациялық жанармай нарығының жаһандық қатысушылары үшін негізгі салалық кездесу. Форумға қатысушылар – IATA-ға мүше авиакомпаниялар, IATA-ң стратегиялық серіктестері, инвесторлар, зерттеу институттары және мемлекеттік қызмет өкілдері. ҚМГ-Аэроның IATA-ның стратегиялық серіктесі екендігі және бірлескен ынтымақтастық аясындағы жұмысқа белсенді қатысуды жоспарлап отырғаны қуантады. ҚМГ-Аэро қызметі әлемдік стандарттарға негізделетін ұлттық авиациялық жанармай операторы ретінде Қазақстан Республикасын авиациялық жанармаймен қамтамасыз етуде көшбасшылық векторын көздеді. Осындай іс-шараларға қатысу өте маңызды, себебі біз әріптестермен тәжірибе алмасып, жаңа білім алып қана қоймай, даму көкжиегін кеңейте аламыз», – деп атап көрсетеді Әлия Айталиева.

WhatsApp Image 2022-11-30 at 15.02.44.jpeg

WhatsApp Image 2022-11-30 at 15.02.46 (1).jpeg

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған