«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС басшылығы мен Skytanking халықаралық компаниясының өкілдері арасында кездесу өтті

«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС басшылығы мен Skytanking халықаралық компаниясының өкілдері арасында кездесу өтті.

Ағымдағы жылдың қазан айында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нің Skytanking халықаралық жанармай құю компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті. Skytanking Еуропа, Азия, Африка және Австралияның 16 еліндегі 65-тен астам әуежайларында қызмет атқарады. Аталмыш компания әуе кемелеріне «қанатқа» жанармай құюды, авиациялық отынды сақтауды, гидранттарды басқаруды, әуежайлардың жанармай құю кешендеріне (ЖҚК) инвестицияларды, оларды жобалау мен басқаруды қоса алғанда, авиаотынмен қамтамасыз ету бойынша қызмет түрлерін ұсынады.

Кездесу барысында бірлескен ынтымақтастық мәселелері, Қазақстан Республикасында ASTM D1655 стандарты бойынша Jet A-1, ЖҚК-не Joint Inspection Group (JIG) стандарттарын енгізу жобаларын іске асыру және қазақстандық әуежайлардың инфрақұрылымына инвестицияларды тарту мәселелері талқыланды.

WhatsApp Image 2022-11-29 at 09.12.52 (1).jpeg

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған