ҚМГ- Аэро өкілдері ағымдағы жылдың 7-8 қарашасында Ыстамбұлда өткен IATA «Wings of Change» авиациялық конференциясына қатысты.
«Pegasus Airlines» компаниясының қолдауымен IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығы ұйымдастырған шара әртүрлі елдерден 500-ден астам авиация саласының делегаттарын жинады.
Конференцияда әуе көлігі саласын дамыту, қолжетімділік, инклюзивтілік, туризм және цифрландыру сияқты маңызды тақырыптар қозғалды. Талқыланған тақырыптар саланың ағымдағы жағдайын және жақын арада әуе көлігі саласының жоспарларын, сондай-ақ туризм индустриясының экожүйесін қамтыды.
Сонымен қатар осы форумға қатысушылар Covid-19-дан кейінгі нарықты қалпына келтіру мен нығайтуға қатысты мәселелерді талқылай алды.
«Бұл форумға қатысу біздің компанияның жұмысына жаңа серпін беріп, клиенттік базаның географиясын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік берді», – деп ҚМГ-Аэро ЖШС-ң бизнесті дамыту бөлімінің менеджері Айдос Болысбаев қол жеткен нәтижелермен бөлісті.
Форумның қорытындысы бойынша компанияның бас директоры Ильдар Шамсутдинов келер жылы Астана қаласында авиациялық отынмен қамтамасыз ету бойынша авиациялық форум өткізу туралы шешім қабылдады.
«Конференция тәжірибе алмасуға ғана емес, сонымен қатар осы салаға қатысты көптеген өзекті мәселелерді, соның ішінде авиациялық отынмен қамтамасыз етуге жауапты кәсіпорындардың күн тәртібіндегі сұрақтарды шешуге мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деп есептейді Ильдар Шамсутдинов.


