2024 жылы «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚазМұнайГаз компаниясының еншілес ұйымы) 282 мың тоннадан астам мұнай өнімдерін өткізді:
Авиаотын — 206,3 мың тоннадан астам;
Бензин — 10,4 мың тоннадан астам;
Дизель отыны — 40 мың тоннаға жуық;
Мазут — 25,67 мың тоннадан астам.
2024 жылы әуе кемелерді «ұшақ қанатына» әуе отынмен қамтамасыз етудің жалпы көлемі 48,6 мың тоннаға жуық, соның ішінде:
Астана қ. әуежайы — шамамен 38 мың тонна;
Түркістан қ. Әуежайы, 2024 жылдың наурыз – желтоқсан айлары аралығында — шамамен 5 мың тонна;
Ақтөбе қаласының әуежайы — 4,2 мың тонна.
Компанияның жоспары:
Әрқайсының көлемі 40 мың литр болатын екі жаңа жанармай құю машинасын пайдалануға беру;
Астанада құны 7 млрд теңге болатын «ASTANA JET FUEL HUB» мұнай базасын салу;
Астана әуежайында құны 2,5 млрд теңгені құрайтын жанармай құю кешенін салу;
Ақтөбе әуежайында 5 млрд теңгеге отын құю кешенін салу;
Жаңа жанармай құю машиналарын сатып алу, құны 0,5 млрд теңге.