«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС және SpaceBee Airlines 2025 жылға арналған Қазақстан әуежайларында әуе кемелеріне «ұшақтың қанатына» жанармай құю туралы келісімге қол қойды.
Өзбекстанда орналасқан SpaceBee Airlines әуекомпаниясы 2024 жылдың қазан айында эксплуатант сертификатын алды. Компания Орталық және Оңтүстік Азияны Еуропамен байланыстыратын рейстерді орындауды жоспарлап отыр, бұл жүк тасымалының кеңеюіне және өңірдегі логистикалық ағындардың жақсаруына жаңа мүмкіндіктер ашады.
«SpaceBee Airlines-пен келісімге келу біздің қызметтеріміздің дамуы мен серіктестеріміздің географиясын кеңейту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Біз әуекомпаниялардың әуе кемелеріне үздіксіз жанармай құюды қамтамасыз етуге дайынбыз, бұл оларға рейстерін тиімді және қауіпсіз орындауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Ильдар Шамсутдинов, «ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС Бас директоры.
Бұл келісім Қазақстанның көлік хабы ретіндегі стратегиялық маңыздылығын көрсетіп, оның халықаралық авиациялық картасындағы орнын нығайтады.