Әуе транзитін дамыту: Turkish Airlines Алматы әуежайы арқылы ұшатын жүк рейстерінің санын арттырады

«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Turkish Airlines авиакомпаниясымен Алматы әуежайында «ұшақ қанатына» жанармай құю бойынша келісімшарт жасасты. Бұл құжат авиакомпанияның жолаушылар және жүк (cargo) рейстеріне қызмет көрсетуді көздейді.

Қол жеткізілген уағдаластықтар еліміздегі халықаралық авиатасымалдаушылар үшін отын бағасының жүйелі түрде төмендеуінің нәтижесінде, сондай-ақ Үкіметтің, Алматы әуежайының және бұл саладағы арнайы оператор — ҚазМұнайГаз-Аэро-ның үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды.

Turkish Airlines компаниясының Алматы әуежайы арқылы ұшатын жүк рейстердің санын ұлғайту жөніндегі шешімі карго тасымалының көлемін ұлғайтуға, негізгі халықаралық авиациялық әрі логистикалық хаб ретіндегі әуе айлағының рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.

Қолға алынып, іске асып жатқан шаралар — Мемлекет басшысының елдегі көлік-логистиканың әлеуетін дамытуға, отандық әуежайлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және шетел авиакомпанияларын тарту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған тапсырмаларын орындау аясындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі.

ҚМГ-Аэро жетекші халықаралық тасымалдаушылармен ынтымақтастықты кеңейту, сонымен қатар еліміздің әуежайларында отынмен қамтамасыз етуде ашық, тұрақты әрі бәсекеге түсе алатын жағдайларды жасау бойынша нақты жұмыстарды жалғастыруда.

Turkish Airlines — Түркияның ұлттық әуе тасымалдаушысы. Авиакомпания 131 елге тұрақты рейстерді орындайды, бұл халықаралық ұшу географиясындағы әлемдік рекорд. Turkish Airlines флотында 500-ге жуық әуе кемесі бар. Жүк тасымалдайтын Turkish Cargo бөлімшесі әлемдік көшбасшы компаниялар қатарына кіреді және дүниежүзі бойынша 340-тан астам бағытқа қызмет көрсетеді.

photo_2026-10-16_11-29-28
ҚМГ-Аэро америкалық National Airlines әуе компаниясының ұшақтарына жанармай құюды бастады: алғашқы жүк рейсіне Түркістанда қызмет көрсетілді
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС америкалық National Airlines...
photo_2026-10-12_14-25-39
ҚМГ-Аэро Uzbekistan Airways және Centrum Holding компанияларымен ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Uzbekistan Airways және Centrum Holding компанияларымен жаңа жолаушылар бағыттарын...
photo_2026-10-09_18-11-24
Алматыға flydubai алғашқы жүк рейсін орындады: ҚМГ-Аэро әуе кемесіне жанармай құюды қамтамасыз етті
Алматы халықаралық әуежайы flydubai әуе компаниясының Дубай – Алматы – Дубай бағыты бойынша алғашқы жүк...
photo_2026-09-15_16-32-28
«ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясы Түркістан облысында авиациялық отынды сақтау базасын салады
Түркістан облысының Сауран ауданында авиациялық отын және жанар-жағармай материалдарын сақтау базасының...
photo_2026-08-11_10-17-46
ҚМГ-Аэро Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясының рейстеріне жанармай құя бастады
ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының...
1
Ақтөбе-Ташкент рейсінің іске қосылуы: ҚМГ-Аэро Centrum Air ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз етеді
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Өзбекстанның Centrum Air компаниясы Ақтөбе халықаралық...
Image 2026-07-23 at 11.29
Қазақстандағы SAF жобасы келесі кезеңге өтуде
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы), «KazFoodProducts»...
image
ASL Airlines Belgium Қазақстан нарығына кірді: ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бельгиялық ASL Airlines Belgium жүк тасымалдайтын...
photo_2026-06-25_12-42-20
Алматы әуежайында Jet A-1 маркалы авиаотын алғаш рет әуе кемесіне құйылды
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines...
DSC_4028
ҚазМұнайГаз-Аэро мен Air Astana авиациялық отынмен қамтамасыз етуді тұрақты дамыту келешегін талқылады
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Air Astana әуекомпаниясы басшылығының жұмыс кездесуі өтіп, онда авиациялық...
1 2 3 … 20