«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС қызметкерлері «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының екінші қысқы Спартакиадасына қатысты

7–8 ақпан күндері Астана қаласында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының екінші қысқы Спартакиадасы өтті. Ауқымды спорттық іс-шараға шамамен 2 мыңға жуық қатысушы мен жанкүйер жиналды. Биылғы қысқы Спартакиадаға Қор құрамындағы 20 компанияның командалары қатысып, олардың қатарында «ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС қызметкерлері де болды.

Спартакиада аясында компания өкілдері елорданың Орталық саябағында өткен шаңғы жарысына қатысты. Жалпы, шаңғы жарысына 500-ге жуық адам қатысып, жоғары физикалық дайындық деңгейін, командалық рухты және салауатты өмір салтына деген ұстанымдарын көрсетті.

Қысқы Спартакиада Италияда өтетін Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылып, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бірлігі мен корпоративтік ынтымақтастығының жарқын үлгісіне айналды.

Спорттық бағдарламамен қатар, іс-шара аумағында қайырымдылық аймақтары да ұйымдастырылды. Қатысушылар мен қонақтар мұқтаж отбасыларға арналған заттар жинап, жануарлар панажайларына көмек көрсетті, сондай-ақ Орталық саябақтағы ағаштарға ілінген құс ұяларын жасап шығарды.

Спорт «Самұрық-Қазына» қорының корпоративтік мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады. Соңғы үш жылда Қордың қолдауымен еліміз бойынша 19 спорт кешені ашылып, шамамен 750 мың адамға спортпен шұғылдануға мүмкіндік жасалды.

«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС қызметкерлерінің қысқы Спартакиадаға қатысуы компанияның салауатты өмір салты, командалық жұмыс және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына бейілділігін айқын көрсетеді.

3
ҚМГ-Аэро Санкт-Петербургтегі халықаралық форумда тұрақты авиациялық отын саласындағы бастамаларын таныстырды
ҚМГ-Аэро Санкт-Петербургтегі халықаралық форумда тұрақты авиациялық отын саласындағы бастамаларын таныстырды «ҚазМұнайГаз-Аэро»...
1
ҚазМұнайГаз бен TAV Airports Holding стратегиялық әріптестікті кеңейтуде
ҚазМұнайГаз бен TAV Airports Holding стратегиялық әріптестікті кеңейтуде Бүгін Астанада «ҚазМұнайГаз»...
5361688360759530632
Транзиттік өсім: халықаралық жүк тасымалдаушы әуе компаниялар Қазақстандағы қызметін кеңейтуде
Транзиттік өсім: халықаралық жүк тасымалдаушы әуе компаниялар Қазақстандағы қызметін кеңейтуде   Қазақстан...
3
Көктемгі кезеңде қауіпсіздік күшейтілді: «ҚазМұнайГаз-Аэро» жарақаттанудың алдын алу науқаны басталды
Көктемгі кезеңде қауіпсіздік күшейтілді: «ҚазМұнайГаз-Аэро» жарақаттанудың алдын алу науқаны басталды...
7d272b68-ec58-4f72-ad11-1bed3926a0be
ҚазМұнайГаз-Аэро ұжымы ҚР жаңа Конституциясы жобасын қолдады
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС еңбек ұжымының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға...
HS-XTB_-_Thai_AirAsia_X_-_Airbus_A330-343_-_ICN_(16647647279)
ҚМГ-Аэро халықаралық әуе компанияларды тартуды жалғастыруда: Алматы әуежайында Thai AirAsia X рейстері отынмен қамтамасыз етіле бастады
ҚМГ-Аэро халықаралық әуе компанияларды тартуды жалғастыруда: Алматы әуежайында Thai AirAsia X рейстері...
1
Алматының авиациялық хаб ретіндегі рөлін күшейту:Асхат Хасенов пен Гокер Косе әуежай инфрақұрылымын дамытуды талқылады
Алматының авиациялық хаб ретіндегі рөлін күшейту: Асхат Хасенов пен Гокер Косе әуежай инфрақұрылымын...
spartawinter26
«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС қызметкерлері «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының екінші қысқы Спартакиадасына қатысты
7–8 ақпан күндері Астана қаласында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының екінші қысқы Спартакиадасы өтті....
0af7798a-e0ba-4049-bd67-7890e22555d3
Әуе транзитін дамыту: Turkish Airlines Алматы әуежайы арқылы ұшатын жүк рейстерінің санын арттырады
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Turkish Airlines авиакомпаниясымен Алматы әуежайында «ұшақ қанатына» жанармай...
5467373826443250825
ҚМГ-Аэро Алматы әуежайына жаңа халықаралық авиакомпанияларды тартуда
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бірқатар шетелдік авиакомпаниямен Алматы халықаралық әуежайында ұшақтарды авиаотынмен...
1 2 3 18