7–8 ақпан күндері Астана қаласында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының екінші қысқы Спартакиадасы өтті. Ауқымды спорттық іс-шараға шамамен 2 мыңға жуық қатысушы мен жанкүйер жиналды. Биылғы қысқы Спартакиадаға Қор құрамындағы 20 компанияның командалары қатысып, олардың қатарында «ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС қызметкерлері де болды.
Спартакиада аясында компания өкілдері елорданың Орталық саябағында өткен шаңғы жарысына қатысты. Жалпы, шаңғы жарысына 500-ге жуық адам қатысып, жоғары физикалық дайындық деңгейін, командалық рухты және салауатты өмір салтына деген ұстанымдарын көрсетті.
Қысқы Спартакиада Италияда өтетін Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылып, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бірлігі мен корпоративтік ынтымақтастығының жарқын үлгісіне айналды.
Спорттық бағдарламамен қатар, іс-шара аумағында қайырымдылық аймақтары да ұйымдастырылды. Қатысушылар мен қонақтар мұқтаж отбасыларға арналған заттар жинап, жануарлар панажайларына көмек көрсетті, сондай-ақ Орталық саябақтағы ағаштарға ілінген құс ұяларын жасап шығарды.
Спорт «Самұрық-Қазына» қорының корпоративтік мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады. Соңғы үш жылда Қордың қолдауымен еліміз бойынша 19 спорт кешені ашылып, шамамен 750 мың адамға спортпен шұғылдануға мүмкіндік жасалды.
«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС қызметкерлерінің қысқы Спартакиадаға қатысуы компанияның салауатты өмір салты, командалық жұмыс және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына бейілділігін айқын көрсетеді.