Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Air Astana әуекомпаниясы басшылығының жұмыс кездесуі өтіп, онда авиациялық отынмен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері мен еліміздегі тұрақты авиациялық отынның (SAF) даму келешегі талқыланды.
Кездесуге қатысушылар авиациялық отынның сенімді жеткізілуін қамтамасыз ету және азаматтық авиация саласындағы халықаралық экологиялық бастамаларды іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Air Astana басшылығы «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-не сындарлы ынтымақтастық, жоғары қызмет көрсету деңгей мен авиациялық отынмен қамтамасыз етуде тұрақтылық үшін алғыс білдірді.
Тараптар серіктестікті одан әрі нығайтуға және Қазақстанның авиация саласының тұрақты дамуын қолдау мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыруға бейілді екендіктерін білдірді.

