«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Uzbekistan Airways және Centrum Holding компанияларымен жаңа жолаушылар бағыттарын ашу, жүк әуе тасымалының көлемін ұлғайту және Қазақстан әуежайларында әуе кемелеріне жанармай құю көлемін арттыру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.
Uzbekistan Airways компаниясымен 2027 жылы жаңа жолаушылар рейстерін ашу мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ жоспарланып отырған рейстерді авиаотынмен қамтамасыз ету және тиісті әуежайларда әуе кемелеріне «ұшақтың қанатына» жанармай құю қызметін ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жолаушылар тасымалдаушысы Centrum Air және жүк тасымалдаушысы My Freighter компанияларын біріктіретін Centrum Holding холдингімен рейстердің саны мен жиілігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан әуежайларында әуе кемелеріне жанармай құю көлемін ұлғайту перспективалары қарастырылды.
Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Қазақстанның негізгі еуразиялық авиациялық хаб ретіндегі позициясын нығайту және елдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында жүргізілуде.

