National Airlines Қазақстандағы рейстер географиясын кеңейтті: бағыттар қатарына Ақтөбе қосылды

Америкалық National Airlines әуе компаниясы Қазақстандағы рейстер географиясын кеңейтті. Биыл 20 қазанда «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы) Ақтөбе халықаралық әуежайында Куала-Лумпур – Ақтөбе – Джакарта бағыты бойынша қатынаған Boeing 747-400F жүк ұшағына алғаш рет жанармай құю қызметін көрсетті.

Бұған дейін ҚМГ-Аэро National Airlines компаниясымен әуе кемелерінің «қанатына» жанармай құю қызметін көрсету туралы шарт жасасқанын хабарлаған болатын. Ынтымақтастық аясындағы алғашқы рейс – Гонконг – Түркістан – Амстердам бағыты бойынша қатынаған Boeing 777 жүк ұшағына 16 қазанда Түркістан халықаралық әуежайында қызмет көрсетілді. Ақтөбенің қосылуымен келісім Қазақстанның алты әуежайын қамтиды: Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Түркістан және Ақтөбе. Бұл тасымалдаушы компанияға еліміздің әр өңірінде бір жанармай жеткізушісінің қызметін пайдаланып, рейстерін тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Ақтөбе халықаралық әуежайы – Батыс Қазақстанның көлік-логистикалық жүйесіндегі маңызды авиациялық тораптардың бірі. Халықаралық жүк тасымалының артуы әуежайдың транзиттік әлеуетін нығайтып, өңірдің халықаралық логистикалық бағыттармен байланысын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында экономиканың көлік-логистика саласын дамыту және Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі сенімді авиациялық хаб ретіндегі рөлін нығайту жөніндегі жүйелі шаралар аясында жүргізілуде. ҚМГ-Аэро шетелдік әуе компанияларымен ынтымақтастықты кеңейтіп, қызмет көрсетілетін тасымалдаушылар санын арттыруда. Бүгінде компания 50-ге жуық шетелдік әуе компаниясына қызмет көрсетеді.

Анықтама:

National Airlines – штаб-пәтері Орландо қаласында орналасқан (Флорида штаты) америкалық әуе компаниясы. Ол жүк және жолаушыларға арналған чартерлік рейстерді орындаумен айналысады. Әуе паркінде Boeing 747 және Boeing 777 үлгісіндегі кең фюзеляжды жүк ұшақтары бар. Компания коммерциялық, ірі көлемді және арнайы жүктерді тасымалдайды.

photo_2026-10-21_07-12-01
National Airlines Қазақстандағы рейстер географиясын кеңейтті: бағыттар қатарына Ақтөбе қосылды
Америкалық National Airlines әуе компаниясы Қазақстандағы рейстер географиясын кеңейтті. Биыл 20 қазанда...
photo_2026-10-16_11-29-28
ҚМГ-Аэро америкалық National Airlines әуе компаниясының ұшақтарына жанармай құюды бастады: алғашқы жүк рейсіне Түркістанда қызмет көрсетілді
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС америкалық National Airlines...
photo_2026-10-12_14-25-39
ҚМГ-Аэро Uzbekistan Airways және Centrum Holding компанияларымен ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Uzbekistan Airways және Centrum Holding компанияларымен жаңа жолаушылар бағыттарын...
photo_2026-10-09_18-11-24
Алматыға flydubai алғашқы жүк рейсін орындады: ҚМГ-Аэро әуе кемесіне жанармай құюды қамтамасыз етті
Алматы халықаралық әуежайы flydubai әуе компаниясының Дубай – Алматы – Дубай бағыты бойынша алғашқы жүк...
photo_2026-09-15_16-32-28
«ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясы Түркістан облысында авиациялық отынды сақтау базасын салады
Түркістан облысының Сауран ауданында авиациялық отын және жанар-жағармай материалдарын сақтау базасының...
photo_2026-08-11_10-17-46
ҚМГ-Аэро Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясының рейстеріне жанармай құя бастады
ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының...
1
Ақтөбе-Ташкент рейсінің іске қосылуы: ҚМГ-Аэро Centrum Air ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз етеді
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Өзбекстанның Centrum Air компаниясы Ақтөбе халықаралық...
Image 2026-07-23 at 11.29
Қазақстандағы SAF жобасы келесі кезеңге өтуде
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы), «KazFoodProducts»...
image
ASL Airlines Belgium Қазақстан нарығына кірді: ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бельгиялық ASL Airlines Belgium жүк тасымалдайтын...
photo_2026-06-25_12-42-20
Алматы әуежайында Jet A-1 маркалы авиаотын алғаш рет әуе кемесіне құйылды
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines...
1 2 3 … 20