Авиациялық хабты дамыту: ҚазМұнайГаз-Аэро Ақтөбеде инвестициялық жобаны іске асыруға кірісті

Ақтөбе әуежайында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы – ҚМГ-Аэро жаңа отын құю кешенін салу жобасын іске асыра бастады. Жобаның бірінші кезеңінде инженерлік-геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Олардың мақсаты – болашақ өндірістік нысандардың қауіпсіздігі мен ұзақ уақыт бойы пайдалануын қамтамасыз ету үшін топырақтың сипаттамаларын және жерасты суларының деңгейін жан-жақты зерттеу. Аталмыш жұмыстар аяқталғаннан кейін негізгі құрылыс басталады.

Жоба Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерге сәйкес жүзеге асырылуда және Ақтөбе әуежайын заманауи халықаралық хабқа айналдырудағы маңызды кезең болмақ.

Жаңа отын құю кешені әуе кемелерін РТ және ТС-1 маркалы отындармен ғана емес, сонымен қатар халықаралық нарықта сұранысқа ие Jet A-1 авиаотынымен де қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл стандартқа көшу – Қазақстанды жаһандық әуе көлігі желісімен интеграциялау үшін қажет, сондай-ақ бұл болашақта экологиялық таза авиаотын (SAF) қолданудың міндетті талабы.

Жоба екі іске қосу кешенінің құрылысын көздейді. Бірінші кезеңде көлемі 600 текше метр болатын мобильді отын құю кешені салынып, екі отын құю көлігі сатып алынады. Екінші кезеңде негізгі нысан бой көтереді – отын құю кешенінің 20,2 мың текше метр отын сақтауға арналған резервуар паркі, теміржол құю-түсіру эстакадасы және диспетчерлік орталық.

Инвестиция көлемі шамамен 5 млрд теңгеге бағаланған, жобаны іске асыру аясында 50-ден аса тұрақты жұмыс орны ашылады. Осылайша, Ақтөбе әуежайы толыққанды авиациялық хабқа айналып, Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі транзиттік торап ретіндегі рөлі күшейтілмек.

photo_2026-08-11_10-17-46
ҚМГ-Аэро Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясының рейстеріне жанармай құя бастады
ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының...
1
Ақтөбе-Ташкент рейсінің іске қосылуы: ҚМГ-Аэро Centrum Air ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз етеді
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Өзбекстанның Centrum Air компаниясы Ақтөбе халықаралық...
Image 2026-07-23 at 11.29
Қазақстандағы SAF жобасы келесі кезеңге өтуде
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы), «KazFoodProducts»...
image
ASL Airlines Belgium Қазақстан нарығына кірді: ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бельгиялық ASL Airlines Belgium жүк тасымалдайтын...
photo_2026-06-25_12-42-20
Алматы әуежайында Jet A-1 маркалы авиаотын алғаш рет әуе кемесіне құйылды
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines...
DSC_4028
ҚазМұнайГаз-Аэро мен Air Astana авиациялық отынмен қамтамасыз етуді тұрақты дамыту келешегін талқылады
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Air Astana әуекомпаниясы басшылығының жұмыс кездесуі өтіп, онда авиациялық...
5312321731781401797
Қауіпсіздік – басты назарда: ҚазМұнайГаз-Аэро қызметкерлері арнайы оқытудан өтті
2026 жылғы 20 маусымда «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нде «Sary-Arka Training» компаниясының мамандарымен бірлесіп...
5294295728270285678
ҚМГ-Аэро Ташкент-Қостанай бағыты бойынша Centrum Air жаңа рейсін отынмен қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және Centrum Air өзбек әуе компаниясы Қостанай...
5280974466294946281
Cargolux Қазақстандағы қызметін кеңейтуде: елдің транзиттік әлеуеті жаңа белеске көтерілуде
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС басшылығы мен халықаралық жүк әуе тасымалдаушысы Cargolux компаниясының...
Flyone2
ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда жаңа халықаралық тасымалдаушы компанияның рейстерін жанармаймен қамтамасыз етеді
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және FlyOne Armenia әуе компаниясы Алматы халықаралық әуежайында ұшақ «қанатына»...