ҚазМұнайГаз және LanzaJet Қазақстанда SAF жобасын іске асырудың келесі кезеңіне көшеді

Нью-Йорк қаласында (АҚШ) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов америкалық LanzaJet технологиялық компанияның басшылығымен — бас атқарушы директоры Джимми Самарциспен және коммерциялық мәселелер жөніндегі вице-президенті Стефан Тионмен кездесті.

Тараптар Қазақстанда тұрақты авиациялық отын өндіретін (SAF) зауыт салу бойынша аяқталған техникалық-экономикалық негіздеменің (ТЭН) нәтижелерін және алдағы іс-шараларды қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚМГ мен LanzaJet арасында Негіздемелік келісімге қол қойылды. Құжат ТЭН нәтижелерін ресми түрде бекітті. Енді жаңа кезең — нақты жобалау (FEED) басталады. Бұл кезең аясында зауыт құрылысы үшін барлық техникалық және экономикалық шешімдер әзірленеді. Бұдан бұрын нарыққа жүргізілген талдау көрсеткендей, 2030 жылға қарай Қазақстанда SAF тұтыну көлемі жылына 70 мың тоннаға жетуі мүмкін.

— Бірлескен жұмыс екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосып, төмен көміртекті даму мақсаттарына жетуде және жаңа технологияларды енгізуге ықпал ететін болады. Жалпы, бұл жоба биологиялық отын нарығының дамуына, авиацияның экологиялық параметрлерін және еліміздің транзиттік әлеуетін жақсартуға оң әсерін тигізбек, — деп атап өтті Асхат Хасенов.

Анықтама:

SAF (Sustainable Aviation Fuel) — мұнаймен байланысты емес жаңартылатын ресурстардан өндірілетін экологиялық таза авиаотын. Оны дәстүрлі Jet A-1 авиакеросинінге қосып пайдалану нәтижесінде парник газдарының шығарындысын 95% дейін азайтуға мүмкіндік береді.

LanzaJet, Inc. — «alcohol-to-jet» тәсілі бойынша этанолдан SAF өндіру технологиялары саласындағы әлемдік көшбасшы компания. Компанияның технологиясы АҚШ Энергетика министрлігінің Тынық мұхиты солтүстік-батыс ұлттық зертханасымен бірлесіп жасалған. LanzaJet әлемнің ең ірі All Nippon Airways, British Airways және Virgin Atlantic сынды авиакомпаниялармен SAF жеткізу бойынша ұзақмерзімді келісімдер жасасқан.

photo_2026-08-11_10-17-46
ҚМГ-Аэро Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясының рейстеріне жанармай құя бастады
ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының...
1
Ақтөбе-Ташкент рейсінің іске қосылуы: ҚМГ-Аэро Centrum Air ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз етеді
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Өзбекстанның Centrum Air компаниясы Ақтөбе халықаралық...
Image 2026-07-23 at 11.29
Қазақстандағы SAF жобасы келесі кезеңге өтуде
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы), «KazFoodProducts»...
image
ASL Airlines Belgium Қазақстан нарығына кірді: ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бельгиялық ASL Airlines Belgium жүк тасымалдайтын...
photo_2026-06-25_12-42-20
Алматы әуежайында Jet A-1 маркалы авиаотын алғаш рет әуе кемесіне құйылды
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines...
DSC_4028
ҚазМұнайГаз-Аэро мен Air Astana авиациялық отынмен қамтамасыз етуді тұрақты дамыту келешегін талқылады
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Air Astana әуекомпаниясы басшылығының жұмыс кездесуі өтіп, онда авиациялық...
5312321731781401797
Қауіпсіздік – басты назарда: ҚазМұнайГаз-Аэро қызметкерлері арнайы оқытудан өтті
2026 жылғы 20 маусымда «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нде «Sary-Arka Training» компаниясының мамандарымен бірлесіп...
5294295728270285678
ҚМГ-Аэро Ташкент-Қостанай бағыты бойынша Centrum Air жаңа рейсін отынмен қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және Centrum Air өзбек әуе компаниясы Қостанай...
5280974466294946281
Cargolux Қазақстандағы қызметін кеңейтуде: елдің транзиттік әлеуеті жаңа белеске көтерілуде
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС басшылығы мен халықаралық жүк әуе тасымалдаушысы Cargolux компаниясының...
Flyone2
ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда жаңа халықаралық тасымалдаушы компанияның рейстерін жанармаймен қамтамасыз етеді
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және FlyOne Armenia әуе компаниясы Алматы халықаралық әуежайында ұшақ «қанатына»...