ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы Түркістан облысында мұнай өнімдерін сақтайтын заманауи база салады

«ҚазМұнайГазөАэро» ЖШС Түркістан облысында ірі инвестициялық жобаны іске қосады. Инвестиция көлемі — шамамен 5 млрд теңге.

Бұл жобаны «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бас директоры Ильдар Шамсутдинов Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен кездесу барысында таныстырды.

Болашақ мұнай базасында 20 000 текше метр резервуар паркі болады, оның 12 000 текше метр аумағы авиациялық отынды, соның ішінде Jet A-1 марканы сақтауға арналады. Жоба аясында жанармай құятын заманауи автокөлікті жеткізу де жоспарланған. Құрылыс кезеңі — 2026-2028 жылдар.

Жаңа нысан ұшақтарды авиаотынмен сенімді әрі тұрақты қамтамасыз етеді, өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтеді, сондай-ақ авиациялық және логистикалық инфрақұрылымды кеңейтуге үлес қосады деп күтілуде. Жобаны іске асыру нәтижесінде жолаушылар саны мен жүк ағыны едәуір ұлғайып, өңірдің негізгі көлік торабы ретіндегі позициясы нығая түспек. Сонымен қатар 50-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Түркістан облысының әкімдігі бұл бастамаға жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.

Айта кетсек, жоба Мемлекет басшысының инфрақұрылымды жаңғырту, көлік логистикасын дамыту және өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылуда.

photo_2026-10-21_07-12-01
National Airlines Қазақстандағы рейстер географиясын кеңейтті: бағыттар қатарына Ақтөбе қосылды
Америкалық National Airlines әуе компаниясы Қазақстандағы рейстер географиясын кеңейтті. Биыл 20 қазанда...
photo_2026-10-16_11-29-28
ҚМГ-Аэро америкалық National Airlines әуе компаниясының ұшақтарына жанармай құюды бастады: алғашқы жүк рейсіне Түркістанда қызмет көрсетілді
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС америкалық National Airlines...
photo_2026-10-12_14-25-39
ҚМГ-Аэро Uzbekistan Airways және Centrum Holding компанияларымен ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Uzbekistan Airways және Centrum Holding компанияларымен жаңа жолаушылар бағыттарын...
photo_2026-10-09_18-11-24
Алматыға flydubai алғашқы жүк рейсін орындады: ҚМГ-Аэро әуе кемесіне жанармай құюды қамтамасыз етті
Алматы халықаралық әуежайы flydubai әуе компаниясының Дубай – Алматы – Дубай бағыты бойынша алғашқы жүк...
photo_2026-09-15_16-32-28
«ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясы Түркістан облысында авиациялық отынды сақтау базасын салады
Түркістан облысының Сауран ауданында авиациялық отын және жанар-жағармай материалдарын сақтау базасының...
photo_2026-08-11_10-17-46
ҚМГ-Аэро Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясының рейстеріне жанармай құя бастады
ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының...
1
Ақтөбе-Ташкент рейсінің іске қосылуы: ҚМГ-Аэро Centrum Air ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз етеді
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Өзбекстанның Centrum Air компаниясы Ақтөбе халықаралық...
Image 2026-07-23 at 11.29
Қазақстандағы SAF жобасы келесі кезеңге өтуде
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы), «KazFoodProducts»...
image
ASL Airlines Belgium Қазақстан нарығына кірді: ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бельгиялық ASL Airlines Belgium жүк тасымалдайтын...
photo_2026-06-25_12-42-20
Алматы әуежайында Jet A-1 маркалы авиаотын алғаш рет әуе кемесіне құйылды
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines...