Республика күніне орай ҚазМұнайГаз-Аэро қызметкерлері марапатталды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-де қызметкерлерге ведомстволық және корпоративтік наградалар табысталды.

Марапатқа төмендегі қызметкерлер ұсынылды:

Мансұр Қожахметов – Логистика және операциялық бақылау қызметінің бас менеджері, ҚР Энергетика министрлігінің Алғыс хатына ие болды. Ол жоғары кәсіби шеберлігі, біліктілігі, жауапкершілігі мен бастамашылдығы, сондай-ақ компанияны дамытуға қосқан елеулі үлесі мен мұнай өнімдерінің қалдықтарын сақтау процестерін оңтайландыруға арналған рационализаторлық ұсыныстары үшін марапатталды.

Торехан Ермеков – Біртұтас оператор жобалары қызметінің басшысы, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АК естелік белгісімен марапатталды. Ол кәсіби шеберлігі, қойылған міндеттерді сәтті орындауы, көшбасшылық қасиеттері және күрделі жағдайларда шешім қабылдау қабілеті үшін лайық деп танылды.

Ануарбек Ержанов – Құқықтық бөлімнің бас менеджері, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АК Құрмет грамотасымен марапатталды. Ол жауапкершілігі, еңбекқорлығы, адалдығы және әріптестеріне деген сыйластық үшін бағаланды.

Әлемгүл Рахметова – Бухгалтерлік есеп және есеп беру қызметінің бухгалтер-менеджері, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АК Алғыс хатымен марапатталды. Ол орындаушылық, еңбекқорлық, жауапкершілік және командалық жұмыстағы қабілеті үшін атап өтілді.

Марапаттау дәстүрі қызметкерлердің еңбегін лайықты бағалаудың символына айналып, кәсібилік, жауапкершілік пен адалдық компанияның басты құндылықтары ретінде сақталатынын көрсетеді.

photo_2026-10-21_07-12-01
National Airlines Қазақстандағы рейстер географиясын кеңейтті: бағыттар қатарына Ақтөбе қосылды
Америкалық National Airlines әуе компаниясы Қазақстандағы рейстер географиясын кеңейтті. Биыл 20 қазанда...
photo_2026-10-16_11-29-28
ҚМГ-Аэро америкалық National Airlines әуе компаниясының ұшақтарына жанармай құюды бастады: алғашқы жүк рейсіне Түркістанда қызмет көрсетілді
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС америкалық National Airlines...
photo_2026-10-12_14-25-39
ҚМГ-Аэро Uzbekistan Airways және Centrum Holding компанияларымен ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Uzbekistan Airways және Centrum Holding компанияларымен жаңа жолаушылар бағыттарын...
photo_2026-10-09_18-11-24
Алматыға flydubai алғашқы жүк рейсін орындады: ҚМГ-Аэро әуе кемесіне жанармай құюды қамтамасыз етті
Алматы халықаралық әуежайы flydubai әуе компаниясының Дубай – Алматы – Дубай бағыты бойынша алғашқы жүк...
photo_2026-09-15_16-32-28
«ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясы Түркістан облысында авиациялық отынды сақтау базасын салады
Түркістан облысының Сауран ауданында авиациялық отын және жанар-жағармай материалдарын сақтау базасының...
photo_2026-08-11_10-17-46
ҚМГ-Аэро Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясының рейстеріне жанармай құя бастады
ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының...
1
Ақтөбе-Ташкент рейсінің іске қосылуы: ҚМГ-Аэро Centrum Air ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз етеді
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Өзбекстанның Centrum Air компаниясы Ақтөбе халықаралық...
Image 2026-07-23 at 11.29
Қазақстандағы SAF жобасы келесі кезеңге өтуде
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы), «KazFoodProducts»...
image
ASL Airlines Belgium Қазақстан нарығына кірді: ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бельгиялық ASL Airlines Belgium жүк тасымалдайтын...
photo_2026-06-25_12-42-20
Алматы әуежайында Jet A-1 маркалы авиаотын алғаш рет әуе кемесіне құйылды
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines...