ҚМГ-Аэро мен Georgian Airlines LLC компаниялары әуе кемелерін «ұшақтың қанатына» жанармаймен қамтамасыз ету туралы шартқа қол қойды

«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Georgian Airlines LLC компаниясымен Түркістан халықаралық әуежайында әуе кемелерін «ұшақтың қанатына» жанармаймен қамтамасыз ету туралы келісім жасады.

Түркістан халықаралық әуежайы авиациялық хаб ретінде өзін танытып, авиатасымалдауды жанармаймен қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесіне сәйкес жұмыс істейді және қауіпсіздік пен сапаның жоғары стандарттарын қамтамасыз етеді.

Грузияның жетекші жүк әуекомпанияларының бірімен ынтымақтастық «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС қызметтеріне халықаралық тасымалдаушылардың артқан сенімін растайды және Қазақстанның аймақтық авиациялық логистикадағы позициясын нығайтады.

 

Анықтама үшін:

Georgian Airlines LLC — 2020 жылы құрылған, Тбилисиде (Грузия) базаланған жүк әуекомпаниясы. Компанияда Грузияның Азаматтық авиация агенттігі мен Грузияның Экономика және орнықты даму министрлігі берген әуе көлігі сертификаты, әуе кемелерін тіркеу және пайдалану сертификаттары бар.
Әуекомпания ИКАО талаптарына сәйкес келеді және ИАТА қауіпсіздік пен сенімділік стандарттарын сақтайды. Georgian Airlines Грузия мен Таяу Шығыс, ТМД, Үндістан және Еуропа елдері арасында жүк тасымалдарын орындайды, сондай-ақ ЕО елдеріне/елдерінен коммерциялық әуетасымалдауға арналған EAS рұқсатына ие. Компания чартерлік және ACMI-операцияларды да жүзеге асырады.

photo_2026-10-21_07-12-01
National Airlines Қазақстандағы рейстер географиясын кеңейтті: бағыттар қатарына Ақтөбе қосылды
Америкалық National Airlines әуе компаниясы Қазақстандағы рейстер географиясын кеңейтті. Биыл 20 қазанда...
photo_2026-10-16_11-29-28
ҚМГ-Аэро америкалық National Airlines әуе компаниясының ұшақтарына жанармай құюды бастады: алғашқы жүк рейсіне Түркістанда қызмет көрсетілді
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС америкалық National Airlines...
photo_2026-10-12_14-25-39
ҚМГ-Аэро Uzbekistan Airways және Centrum Holding компанияларымен ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Uzbekistan Airways және Centrum Holding компанияларымен жаңа жолаушылар бағыттарын...
photo_2026-10-09_18-11-24
Алматыға flydubai алғашқы жүк рейсін орындады: ҚМГ-Аэро әуе кемесіне жанармай құюды қамтамасыз етті
Алматы халықаралық әуежайы flydubai әуе компаниясының Дубай – Алматы – Дубай бағыты бойынша алғашқы жүк...
photo_2026-09-15_16-32-28
«ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясы Түркістан облысында авиациялық отынды сақтау базасын салады
Түркістан облысының Сауран ауданында авиациялық отын және жанар-жағармай материалдарын сақтау базасының...
photo_2026-08-11_10-17-46
ҚМГ-Аэро Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясының рейстеріне жанармай құя бастады
ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының...
1
Ақтөбе-Ташкент рейсінің іске қосылуы: ҚМГ-Аэро Centrum Air ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз етеді
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Өзбекстанның Centrum Air компаниясы Ақтөбе халықаралық...
Image 2026-07-23 at 11.29
Қазақстандағы SAF жобасы келесі кезеңге өтуде
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы), «KazFoodProducts»...
image
ASL Airlines Belgium Қазақстан нарығына кірді: ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бельгиялық ASL Airlines Belgium жүк тасымалдайтын...
photo_2026-06-25_12-42-20
Алматы әуежайында Jet A-1 маркалы авиаотын алғаш рет әуе кемесіне құйылды
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines...