Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро) басшылығы мен Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясының Орталық Азиядағы бас өкілі Заур Акбаровтың қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Келіссөздердің негізгі тақырыбы авиациялық отынмен қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, оның ішінде Қазақстан әуежайларында әуе кемелерін «ұшақтың қанатына» құю қызметін дамыту мәселелері болды.
ҚМГ-Аэро мен AZAL арасында, соның ішінде Алматы әуежайында, тиімді өзара іс-қимыл жолға қойылғаны атап өтілді. Тараптар нәтижелі ынтымақтастық үшін өзара алғыстарын білдірді.
Келіссөздер барысында әріптестікті одан әрі дамытуға бағытталған қадамдар, соның ішінде операциялық тиімділікті арттыру және заманауи стандарттарды енгізу мәселелері де қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды кеңейтуге және басым бағыттар бойынша диалогты жалғастыруға ортақ мүдделілігін растады.
Анықтама:
Azerbaijan Airlines (AZAL) — 1992 жылы құрылған Әзербайжанның ұлттық әуе тасымалдаушысы. Әуе компаниясының базасы Баку қаласында орналасқан, негізгі хабы — Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежай. Тасымалдаушының әуе паркіне заманауи әуе кемелері, оның ішінде Boeing 787 Dreamliner, Airbus A320 және Airbus A319 кіреді.

