Түркістан әуежайына арналған мұнай базасын «ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы салады

«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Түркістан облысында мұнай өнімдерін сақтауға арналған заманауи базаны салады. Инвестиция көлемі – шамамен 7 млрд теңге.

Жаңа нысан өңірдің отын инфрақұрылымының негізгі құрылымы болмақ. Мұнай базасы көлемі 19 мың текше метр болатын резервуарлар паркін қамтиды. Оның 12 мың текше метрі авиациялық отынды (ТС-1, РТ, Jet A-1), сондай-ақ жанармай мен дизель отынын сақтауға арналған. Сондай-ақ, жобаға диспетчерлік орталық, зертхана, құбырлар мен сүзгі жүйесі, теміржол құю-түсіру эстакадасы және автокөлік эстакадасы кіреді.

Мұнай базасы әуежайды авиаотынмен тұрақты қамтамасыз етуге, өңірдің энергетикалық тұрақтылығын арттыруға және авиациялық әрі логистикалық инфрақұрылымның дамуын күшейтуге мүмкіндік береді.

Жоба жолаушылар және жүк тасымалы ағынының артуына қосымша серпін беріп, Түркістан облысының маңызды көлік торабы ретіндегі позициясын нығайтпақ. Сонымен қатар, 50-ге жуық жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.

Жобаны іске асыру Мемлекет басшысының инфрақұрылымды жаңғырту, көлік логистикасын дамыту және өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізіліп жатыр.

photo_2026-10-21_07-12-01
National Airlines Қазақстандағы рейстер географиясын кеңейтті: бағыттар қатарына Ақтөбе қосылды
Америкалық National Airlines әуе компаниясы Қазақстандағы рейстер географиясын кеңейтті. Биыл 20 қазанда...
photo_2026-10-16_11-29-28
ҚМГ-Аэро америкалық National Airlines әуе компаниясының ұшақтарына жанармай құюды бастады: алғашқы жүк рейсіне Түркістанда қызмет көрсетілді
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС америкалық National Airlines...
photo_2026-10-12_14-25-39
ҚМГ-Аэро Uzbekistan Airways және Centrum Holding компанияларымен ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Uzbekistan Airways және Centrum Holding компанияларымен жаңа жолаушылар бағыттарын...
photo_2026-10-09_18-11-24
Алматыға flydubai алғашқы жүк рейсін орындады: ҚМГ-Аэро әуе кемесіне жанармай құюды қамтамасыз етті
Алматы халықаралық әуежайы flydubai әуе компаниясының Дубай – Алматы – Дубай бағыты бойынша алғашқы жүк...
photo_2026-09-15_16-32-28
«ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясы Түркістан облысында авиациялық отынды сақтау базасын салады
Түркістан облысының Сауран ауданында авиациялық отын және жанар-жағармай материалдарын сақтау базасының...
photo_2026-08-11_10-17-46
ҚМГ-Аэро Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясының рейстеріне жанармай құя бастады
ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының...
1
Ақтөбе-Ташкент рейсінің іске қосылуы: ҚМГ-Аэро Centrum Air ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз етеді
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Өзбекстанның Centrum Air компаниясы Ақтөбе халықаралық...
Image 2026-07-23 at 11.29
Қазақстандағы SAF жобасы келесі кезеңге өтуде
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы), «KazFoodProducts»...
image
ASL Airlines Belgium Қазақстан нарығына кірді: ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бельгиялық ASL Airlines Belgium жүк тасымалдайтын...
photo_2026-06-25_12-42-20
Алматы әуежайында Jet A-1 маркалы авиаотын алғаш рет әуе кемесіне құйылды
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines...
1 2 3 … 20