Транзит әлеуетін дамыту: ҚМГ-Аэро Қазақстан әуежайларында Uzbekistan Airways рейстерін отынмен қамтамасыз етеді

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және Өзбекстанның ұлттық авиакомпаниясы — Uzbekistan Airways әуе кемелерінің «қанатына» жанармай құю бойынша шарт жасасты.

Бұл ынтымақтастық халықаралық сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкес Қазақстан әуежайларында авиатасымалдаушы компаниясының тұрақты рейстерін авиаотынмен қамтамасыз етуді көздейді.

Uzbekistan Airways Ташкентті Еуропа, Азия және Таяу Шығыстың ірі қалаларымен байланыстыра отырып, тұрақты жолаушы рейстерін орындайды.

Шартқа қол қою ҚМГ-Аэроның азаматтық авиация саласындағы халықаралық тасымалдаушылармен ынтымақтастықты кеңейтудегі кезекті қадамы болды.

Жалпы, іске асырылып жатқан шаралар — Мемлекет басшысының елдегі көлік-логистиканың әлеуетін дамытуға, отандық әуежайлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Қазақстанға шетел авиакомпанияларын тарту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған тапсырмаларын орындау аясындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі.

photo_2026-10-21_07-12-01
National Airlines Қазақстандағы рейстер географиясын кеңейтті: бағыттар қатарына Ақтөбе қосылды
Америкалық National Airlines әуе компаниясы Қазақстандағы рейстер географиясын кеңейтті. Биыл 20 қазанда...
photo_2026-10-16_11-29-28
ҚМГ-Аэро америкалық National Airlines әуе компаниясының ұшақтарына жанармай құюды бастады: алғашқы жүк рейсіне Түркістанда қызмет көрсетілді
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС америкалық National Airlines...
photo_2026-10-12_14-25-39
ҚМГ-Аэро Uzbekistan Airways және Centrum Holding компанияларымен ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Uzbekistan Airways және Centrum Holding компанияларымен жаңа жолаушылар бағыттарын...
photo_2026-10-09_18-11-24
Алматыға flydubai алғашқы жүк рейсін орындады: ҚМГ-Аэро әуе кемесіне жанармай құюды қамтамасыз етті
Алматы халықаралық әуежайы flydubai әуе компаниясының Дубай – Алматы – Дубай бағыты бойынша алғашқы жүк...
photo_2026-09-15_16-32-28
«ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясы Түркістан облысында авиациялық отынды сақтау базасын салады
Түркістан облысының Сауран ауданында авиациялық отын және жанар-жағармай материалдарын сақтау базасының...
photo_2026-08-11_10-17-46
ҚМГ-Аэро Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясының рейстеріне жанармай құя бастады
ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының...
1
Ақтөбе-Ташкент рейсінің іске қосылуы: ҚМГ-Аэро Centrum Air ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз етеді
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Өзбекстанның Centrum Air компаниясы Ақтөбе халықаралық...
Image 2026-07-23 at 11.29
Қазақстандағы SAF жобасы келесі кезеңге өтуде
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы), «KazFoodProducts»...
image
ASL Airlines Belgium Қазақстан нарығына кірді: ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бельгиялық ASL Airlines Belgium жүк тасымалдайтын...
photo_2026-06-25_12-42-20
Алматы әуежайында Jet A-1 маркалы авиаотын алғаш рет әуе кемесіне құйылды
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines...
1 2 3 … 20