Ірі еуропалық жүк тасымалдаушы Cargolux Қазақстанға рейстерін қайта жандандырды

Бүгін, 1 маусымда Астана халықаралық әуежайына Cargolux Airlines International S.A. (Люксембург) алғашқы рейсі келіп қонды.

Бұдан бұрын ҚМГ-ның еншілес ұйымы – ҚазМұнайГаз-Аэро мен Cargolux компаниясы елорданың әуе айлағындағы рейстерге үздіксіз қызмет көрсетуге кепілдік беретін ұшақ «қанатына» отын құю қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан болатын.

Еуропалық жетекші жүк тасымалдаушыларының бірінің Қазақстан бағытындағы рейстерін қайта жандандыруы еліміздің Еуразияның стратегиялық көлік-логистикалық торабы ретіндегі орнының дәйекті түрде нығайып келе жатқанын айғақтайды.

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған тапсырмалары аясында жүргізіліп жатыр. Рейстердің қайта ашылуы – ҚР Үкіметінің, ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының және отандық авиациялық сектордың халықаралық маршруттық желіні кеңейту, авиациялық инфрақұрылымды дамыту және әуежайлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жүйелі жұмыстың нәтижесі.

Отандық авиация нарығының тартымдылығының қосымша факторы – бұл халықаралық тасымалдаушылар үшін жасалған бәсекеге қабілетті жағдайлар. Қазақстан Орталық Азиядағы авиациялық отынға ең төмен бағаларды сақтап отыр, бұл елдің әуежайлары арқылы транзиттік, техникалық және жүк рейстерінің ұлғаюына ықпал етуде.

 

Анықтама:

Cargolux Airlines International S.A. (Люксембург) — Еуропадағы ең ірі жүк авиакомпанияларының бірі. Әуе тасымалдаушының ұшақ паркінде 747‑400F (жүк көтергіштігі 124 тоннаға дейін) және Boeing 747‑8F (жүк көтергіштігі 130 тоннаға дейін) жүк ұшақтары бар. Компания Еуропаға, Азияға, АҚШ және Африкаға тұрақты және чартерлік рейстерді орындайды. Соның ішінде ірі жүктерді, тез бұзылатын тауарды тасымалдап, бағалы әрі мамандандырылған жүктерді жеткізеді.

photo_2026-08-11_10-17-46
ҚМГ-Аэро Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясының рейстеріне жанармай құя бастады
ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының...
1
Ақтөбе-Ташкент рейсінің іске қосылуы: ҚМГ-Аэро Centrum Air ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз етеді
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Өзбекстанның Centrum Air компаниясы Ақтөбе халықаралық...
Image 2026-07-23 at 11.29
Қазақстандағы SAF жобасы келесі кезеңге өтуде
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы), «KazFoodProducts»...
image
ASL Airlines Belgium Қазақстан нарығына кірді: ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бельгиялық ASL Airlines Belgium жүк тасымалдайтын...
photo_2026-06-25_12-42-20
Алматы әуежайында Jet A-1 маркалы авиаотын алғаш рет әуе кемесіне құйылды
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines...
DSC_4028
ҚазМұнайГаз-Аэро мен Air Astana авиациялық отынмен қамтамасыз етуді тұрақты дамыту келешегін талқылады
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Air Astana әуекомпаниясы басшылығының жұмыс кездесуі өтіп, онда авиациялық...
5312321731781401797
Қауіпсіздік – басты назарда: ҚазМұнайГаз-Аэро қызметкерлері арнайы оқытудан өтті
2026 жылғы 20 маусымда «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нде «Sary-Arka Training» компаниясының мамандарымен бірлесіп...
5294295728270285678
ҚМГ-Аэро Ташкент-Қостанай бағыты бойынша Centrum Air жаңа рейсін отынмен қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және Centrum Air өзбек әуе компаниясы Қостанай...
5280974466294946281
Cargolux Қазақстандағы қызметін кеңейтуде: елдің транзиттік әлеуеті жаңа белеске көтерілуде
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС басшылығы мен халықаралық жүк әуе тасымалдаушысы Cargolux компаниясының...
Flyone2
ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда жаңа халықаралық тасымалдаушы компанияның рейстерін жанармаймен қамтамасыз етеді
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және FlyOne Armenia әуе компаниясы Алматы халықаралық әуежайында ұшақ «қанатына»...
1 2 3 20