28-29 мамырда «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Бірыңғай операторының жобалар қызметінің қызметкерлері табиғи өрттерге төтеп беруге азаматтық қорғау күштері мен құралдарының дайындығын жетілдіруге арналған «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты.
Азаматтық қорғаудың жанар-жағармай материалдары қызметі аясында компания мамандары мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл алгоритмдерін жетілдіріп, ықтимал төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылған техника мен әуе кемелерін жедел жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге қатысты есептеулерді әзірледі.
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нің оқу-жаттығуларға қатысуы, төтенше жағдай кезінде жанар-жағармаймен үздіксіз қамтамасыз ету және азаматтық қорғау бөлімшелерімен тиімді өзара іс-қимыл жасау міндеттерін орындауға дайындығын дәлелдеді.


