NQZ AVIATION AWARDS

Ағымдағы жылдың 26 ​​сәуірінде «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Делегацияларды қабылдау залында авиация саласындағы «NQZ AVIATION AWARDS» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Шараның басты мақсаты – барлық іскер серіктестерге ынтымақтастығы үшін алғыс білдіру және одан әрі бірігіп жұмыс жасауды жалғастыруға шақыру.

фото 1.jpg

Дәулет Хамзин, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы: – Биылғы жылы әуежай «SKY TRAX» нұсқасы бойынша ТМД және Орталық Азиядағы ең үздік өңірлік әуежай атағын алды. Әрине, біз бұл марапатқа қызметкерлеріміздің арқасында ғана емес, ең алдымен серіктестерімізбен табысты ынтымақтастықтың арқасында қол жеткіздік деп білеміз. Бұл құрмет әуежайда жұмыс істейтін барлық ұйымдарға тиесілі. Сондықтан мұндай марапаттарды жыл сайын өткізіп, олардың еңбегін атап өтуді жөн көрдік. Елорда әуежайының аумағында барлығы үш жарым мыңнан астам адам жұмыс істейді. 100-ге жуық ұйым серіктес болып табылады.

фото 2.jpg

«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС екінші жыл қатарынан «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ның стратегиялық серіктестері арасында «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-н «Авиациялық отынмен қамтамасыз етудегі ең сенімді серіктес» марапатына ие болды.

фото 3.jpg

photo_2026-10-21_07-12-01
National Airlines Қазақстандағы рейстер географиясын кеңейтті: бағыттар қатарына Ақтөбе қосылды
Америкалық National Airlines әуе компаниясы Қазақстандағы рейстер географиясын кеңейтті. Биыл 20 қазанда...
photo_2026-10-16_11-29-28
ҚМГ-Аэро америкалық National Airlines әуе компаниясының ұшақтарына жанармай құюды бастады: алғашқы жүк рейсіне Түркістанда қызмет көрсетілді
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС америкалық National Airlines...
photo_2026-10-12_14-25-39
ҚМГ-Аэро Uzbekistan Airways және Centrum Holding компанияларымен ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Uzbekistan Airways және Centrum Holding компанияларымен жаңа жолаушылар бағыттарын...
photo_2026-10-09_18-11-24
Алматыға flydubai алғашқы жүк рейсін орындады: ҚМГ-Аэро әуе кемесіне жанармай құюды қамтамасыз етті
Алматы халықаралық әуежайы flydubai әуе компаниясының Дубай – Алматы – Дубай бағыты бойынша алғашқы жүк...
photo_2026-09-15_16-32-28
«ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясы Түркістан облысында авиациялық отынды сақтау базасын салады
Түркістан облысының Сауран ауданында авиациялық отын және жанар-жағармай материалдарын сақтау базасының...
photo_2026-08-11_10-17-46
ҚМГ-Аэро Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясының рейстеріне жанармай құя бастады
ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының...
1
Ақтөбе-Ташкент рейсінің іске қосылуы: ҚМГ-Аэро Centrum Air ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз етеді
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Өзбекстанның Centrum Air компаниясы Ақтөбе халықаралық...
Image 2026-07-23 at 11.29
Қазақстандағы SAF жобасы келесі кезеңге өтуде
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы), «KazFoodProducts»...
image
ASL Airlines Belgium Қазақстан нарығына кірді: ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бельгиялық ASL Airlines Belgium жүк тасымалдайтын...
photo_2026-06-25_12-42-20
Алматы әуежайында Jet A-1 маркалы авиаотын алғаш рет әуе кемесіне құйылды
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines...