1-ші ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АВИАЦИЯЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР: авиация саласындағы сарапшылар Орталық Азияның транзиттік әлеуетін талқылады
|
1-ші ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АВИАЦИЯЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР:
авиация саласындағы сарапшылар Орталық Азияның
транзиттік әлеуетін талқылады
Ағымдағы жылдың 24-25 мамырында Астана қаласында «1-ші ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АВИАЦИЯЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР: Тұрақты даму және Орталық Азияның транзиттік әлеуетін іске асырудағы энергетикалық өткел» атты шара өтті.
Форумды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы «ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетімен бірлесіп ұйымдастырды.
Форумда авиация саласындағы шығарындыларды төмендету (Fly Net Zero 2050), Қазақстанда тұрақты (жасыл) авиаотын өндіру мүмкіндіктері, Қазақстанның Jet A-1 маркалы авиаотынға көшуі, геосаяси шиеленістер мен экономикалық санкциялардың Орталық Азияның транзиттік әлеуетінің дамуына әсері талқыланды.
Форумның негізгі міндеттерінің бірі — авиаотын нарығындағы жаһандық үрдістерді ескере отырып, Азаматтық авиацияны дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеу мақсатында Орталық Азияның авиациялық қоғамдастығының күш-жігерін біріктіру.
– Бүгін біз алғаш рет ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АВИАЦИЯЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР өткізгелі отырмыз. Бұл Халықаралық әуе көлігі қауымдастығын, Халықаралық азаматтық авиация ұйымын қоса алғанда, Қазақстанның авиация саласының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың басшылары қатысқалы отырған үлкен және маңызды іс-шара. Бүгінгі кездесу аясында қабылданған шешімдер авиаотын нарығын дамытуға және Қазақстанда және жалпы Орталық Азияда ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға қызмет етеді деп үміттенеміз, – деді «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.
Қазақстанға тұрақты баламалы авиаотын (SAF) өндіру мүмкіндігін қарастыру қажет. Бұл шетелдік авиатасымалдаушылар үшін отандық әуежайлардың тартымдылығын арттырады (2030 жылдан бастап еуропалық авиатасымалдаушылар SAF-қа ауысады / немесе ішінара ауысады).
Бүгінгі таңда ҚР барлық ірі МӨЗ халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және әлемнің көптеген елдерінде қолданылатын Джет А-1 (JET A-1) маркалы отынды өндіруге дайын. Отынның осы түрін пайдалану ҚР әуежайларының жанармай құю кешендеріне деген сұранысты арттырады және отандық авиация саласына қызмет көрсету қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес болуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ҚазМұнайГаз Қазақстанның халықаралық тасымалдаушылар үшін тартымды транзиттік авиахабқа айналуы үшін SAF отынын өндіру мүмкіндігін қарастырады, – деп атап өтті «ҚМГ-Аэро» бас директоры Ильдар Шамсутдинов.
2022 жылы Қазақстан 2030 жылға дейін көліктік-логистикалық әлеуетті дамытудың тұжырымдамасын қабылдады. Әуе тасымалдарын дамытудың маңызды шарты авиаотынмен қамтамасыз ету және оның бәсекеге қабілетті бағасы болып табылады. Елімізде үш мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді, олар жылына 700 мың тонна авиакеросиннің шығарылуын қамтамасыз етеді, ал бұл ұлттық авиатасымалдаушылардың қажеттілігін толығымен жабады.
Іс-шара аясында қазақстандық және халықаралық авиациялық нарық компаниялары арасында ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумға қол қойылды. Ал сала мамандары үшін S&P Global Commodity Insights халықаралық корпорациясының Лондондағы кеңсесінің өкілдері Platts баға белгіленімдерін есептеу әдіснамасымен танысу және оларды авиациялық отынға қолдану бойынша оқыту семинарын өткізді.