
«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС қызметкерлері IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен стратегиялық серіктестік аясында «Авиациялық отынды басқару негіздері» біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

«Бұл курста біз авиациялық отынның сапасы мен техникалық сипаттамаларының жалпы қабылданған халықаралық стандарттарын егжей-тегжейлі зерттедік. Сондай-ақ жеткізілімдердің сенімділігі мен қауіпсіздігіне әсер ететін факторларды және барлық жеткізу тізбегі бойынша авиациялық жанармайдың жоғалуын болдырмау әдістерін қарастырдық», – дейді Мәдина Қожахметова, Бизнесті дамыту департаментінің менеджері.

«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға, қызметкерлердің қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелеріне деген ынтасын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Бұған дейін компанияның оператор-техниктері «Авиажанар-жағармай және майлау материалдары» бағдарламасы бойынша сертификатталған біліктілікті арттыру курстарынан өткен.