Жаналық

Жаңа жыл қарсаңында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС қызметкерлері «Жайна» балаларды оңалту орталығында тұратын кішкентай ақтөбеліктерді қуантпақ болды. Қолдарынан келген қаржылай көмекті өз еріктерімен жинап, балаларды құттықтау үшін орталыққа барды.

«Біздің ұжым атынан, балалардың атынан «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС қызметкерлеріне көрсетілген қаржылық көмек, сонымен қатар көңіл бөліп, жылы лебіздерін таңытқандары үшін алғыс білдіргім келеді. Балалар біздің байлығымыз, болашағымыз. Балаларымыздың арқа сүйейтін достары барына қуаныштымыз», – деп атап өтті Нұрилла Жарболова, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығының директоры.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы 2019 жылы ашылған және 100 балаға арналған. Онда психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға көмек көрсетіледі. Орталық 1,5 пен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді қабылдайды.

Орталықта балалардың денсаулығын жақсарту үшін 30-дан астам маман – педиатр, травматолог-ортопед, реабилитолог, психолог, невропатолог, логопед, дефектолог, музыка және дене шынықтыру мұғалімдері және Монтессори кабинеті жабдықталған. Жатын бөлмелер арнайы көп функциялы кереуеттермен жабдықталған. Қазіргі таңда қосымша ғимарат салынуда, онда жаттығу терапиясы, физиотерапия және массаж, гидромассаж ваннасы мен тренажерлар, гальванизация және электрофорез, магниттік терапия құрылғыларымен жабдықталған кабинеттер ораналасады деп жоспарлануда.

photo_2026-10-21_07-12-01
National Airlines Қазақстандағы рейстер географиясын кеңейтті: бағыттар қатарына Ақтөбе қосылды
Америкалық National Airlines әуе компаниясы Қазақстандағы рейстер географиясын кеңейтті. Биыл 20 қазанда...
photo_2026-10-16_11-29-28
ҚМГ-Аэро америкалық National Airlines әуе компаниясының ұшақтарына жанармай құюды бастады: алғашқы жүк рейсіне Түркістанда қызмет көрсетілді
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС америкалық National Airlines...
photo_2026-10-12_14-25-39
ҚМГ-Аэро Uzbekistan Airways және Centrum Holding компанияларымен ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Uzbekistan Airways және Centrum Holding компанияларымен жаңа жолаушылар бағыттарын...
photo_2026-10-09_18-11-24
Алматыға flydubai алғашқы жүк рейсін орындады: ҚМГ-Аэро әуе кемесіне жанармай құюды қамтамасыз етті
Алматы халықаралық әуежайы flydubai әуе компаниясының Дубай – Алматы – Дубай бағыты бойынша алғашқы жүк...
photo_2026-09-15_16-32-28
«ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясы Түркістан облысында авиациялық отынды сақтау базасын салады
Түркістан облысының Сауран ауданында авиациялық отын және жанар-жағармай материалдарын сақтау базасының...
photo_2026-08-11_10-17-46
ҚМГ-Аэро Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясының рейстеріне жанармай құя бастады
ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының...
1
Ақтөбе-Ташкент рейсінің іске қосылуы: ҚМГ-Аэро Centrum Air ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз етеді
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Өзбекстанның Centrum Air компаниясы Ақтөбе халықаралық...
Image 2026-07-23 at 11.29
Қазақстандағы SAF жобасы келесі кезеңге өтуде
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы), «KazFoodProducts»...
image
ASL Airlines Belgium Қазақстан нарығына кірді: ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бельгиялық ASL Airlines Belgium жүк тасымалдайтын...
photo_2026-06-25_12-42-20
Алматы әуежайында Jet A-1 маркалы авиаотын алғаш рет әуе кемесіне құйылды
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines...