15 млрд теңге инвестиция және жаңа жұмыс орындары: «ҚазМұнайГаз-Аэро» Қазақстанның өңірлерінде инвестициялық жобаларды іске асыруда

📊 2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз‒Аэро» ЖШС (ҚМГ-ның еншілес ұйымы) шетел әуе компанияларына авиаотынды  формула арқылы баға белгілеу әдісі бойынша орташа есеппен тоннасына 1020 долларға сатты, ал көрші елдердің әуежайларында бір тоннаның бағасы 1242 долларды құрады.

🛫 Айта кетсек, ҚМГ-Аэро тарапынан отандық әуе компаниялары үшін бұл әдіс қолданылмайды, сондықтан баға өзіндік құн мен операциялық шығындарды ғана қамтиды. Мысалы, 2024 жылы авиаотын орташа есеппен тоннасына 820 долларды («ұшақ қанатына» жанармай құю қызметін қоса алғанда) немесе шамамен 400 мың теңгені құрады. Яғни, жергілікті әуе тасымалдаушыларымен есеп айырысқанда, қазіргі әлемдік авиаотын бағасы (формула арқылы баға белгілеу сияқты) негізге алынбайды, бұл Қазақстан тұтынушыларына бағаның қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

☑️ Бүгінгі таңда компания қазақстандық әуежайлардың транзиттік мүмкіндіктерін дамыту үшін Астана және Ақтөбе қалаларында бірқатар жеке инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатыр. Сондай-ақ Түркістан, Ақтау және Қазақстанның басқа қалаларында осындай жобаларды жоспарлап отыр. Бұл жобалар Jet A-1 және SAF авиаотын түрлерін пайдалану үшін авиаотын инфрақұрылымын салуға және жаңғыртуға бағытталған.

⚡️Жалпы инвестиция көлемі шамамен 15 млрд теңгені құрайды, бұл жобалар іске асырылатын өңірлерде 140 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. ҚМГ-Аэро-ның Қазақстанның коммерциялық авиаотын сату нарығындағы үлесі 16%-ды құрайды.

↪️ Авиакеросин бағасы қалай қалыптасады және авиаотын нарығындағы жағдай туралы толық ақпаратты сілтеме арқылы оқи аласыз.

photo_2026-08-11_10-17-46
ҚМГ-Аэро Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясының рейстеріне жанармай құя бастады
ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының...
1
Ақтөбе-Ташкент рейсінің іске қосылуы: ҚМГ-Аэро Centrum Air ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз етеді
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Өзбекстанның Centrum Air компаниясы Ақтөбе халықаралық...
Image 2026-07-23 at 11.29
Қазақстандағы SAF жобасы келесі кезеңге өтуде
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы), «KazFoodProducts»...
image
ASL Airlines Belgium Қазақстан нарығына кірді: ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бельгиялық ASL Airlines Belgium жүк тасымалдайтын...
photo_2026-06-25_12-42-20
Алматы әуежайында Jet A-1 маркалы авиаотын алғаш рет әуе кемесіне құйылды
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines...
DSC_4028
ҚазМұнайГаз-Аэро мен Air Astana авиациялық отынмен қамтамасыз етуді тұрақты дамыту келешегін талқылады
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Air Astana әуекомпаниясы басшылығының жұмыс кездесуі өтіп, онда авиациялық...
5312321731781401797
Қауіпсіздік – басты назарда: ҚазМұнайГаз-Аэро қызметкерлері арнайы оқытудан өтті
2026 жылғы 20 маусымда «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нде «Sary-Arka Training» компаниясының мамандарымен бірлесіп...
5294295728270285678
ҚМГ-Аэро Ташкент-Қостанай бағыты бойынша Centrum Air жаңа рейсін отынмен қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және Centrum Air өзбек әуе компаниясы Қостанай...
5280974466294946281
Cargolux Қазақстандағы қызметін кеңейтуде: елдің транзиттік әлеуеті жаңа белеске көтерілуде
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС басшылығы мен халықаралық жүк әуе тасымалдаушысы Cargolux компаниясының...
Flyone2
ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда жаңа халықаралық тасымалдаушы компанияның рейстерін жанармаймен қамтамасыз етеді
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және FlyOne Armenia әуе компаниясы Алматы халықаралық әуежайында ұшақ «қанатына»...