«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС басшылығы Алматы қаласында өткен авиаотынмен қамтамасыз ету және тұрақты авиаотын (SAF) нарығын дамыту мәселелеріне арналған Argus халықаралық конференциясына қатысты.
Аймақтық авиаотынмен қамтамасыз етудің даму перспективаларына арналған арнайы сессия барысында компанияның Бас директоры Ильдар Шамсутдинов авиаотын нарығындағы қазіргі үрдістер туралы баяндама жасап, Қазақстанда тұрақты отын инфрақұрылымын қалыптастыруға КМГ-Аэро компаниясының қосқан үлесі туралы айтты.
Панельдік сессияда Қазақстанда SAF енгізу мәселесіне ерекше назар аударылды. КМГ-Аэро өкілі Темірлан Шекимов бұл бағытты дамыту бойынша компанияның стратегиялық тәсілдерін атап өтіп, халықаралық ынтымақтастықтың, технологиялық инвестициялар мен нормативтік қолдаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Компания SAF-ты сақтау, тасымалдау және құю бойынша халықаралық стандарттарға сай кешенді шешімдер әзірлеу бастамаларын таныстырып, авиация саласындағы көміртек ізін азайтуға бағытталған шараларды ұсынды.
Argus конференциясы дәстүрлі түрде авиация, мұнай және логистика салаларының жетекші өкілдерін, мемлекеттік органдар мен тұрақты даму саласындағы сарапшыларды бір алаңға жинап, саланың негізгі сын-қатерлері мен болашағын талқылауға мүмкіндік берді.