«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС басшылығы Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) жанындағы «Жасыл қаржы орталығы» ЖК өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасында тұрақты авиациялық отын (SAF – Sustainable Aviation Fuel) өндіру және енгізу жобасы аясында ықтимал ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Талқылау шеңберінде елімізде SAF өндірісін ұйымдастыруға қатысты ықтимал тәсілдер мен іске асыру тетіктері қарастырылды.
Сондай-ақ, тұрақты қаржыландыруды тарту және экологиялық бастамаларды қолдауға арналған арнайы қаржы құралдарын әзірлеу бойынша АХҚО жанындағы «Жасыл қаржы орталығының» әлеуетіне ерекше назар аударылды. Тараптар жасыл инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара қызығушылық танытты.
Анықтама үшін:
АХҚО жанындағы «Жасыл қаржы орталығы» ЖК — Қазақстанда және Орталық Азия өңірінде тұрақты қаржыландыру мен жасыл жобаларды ілгерілетуді мақсат ететін мамандандырылған құрылым.