«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының еріктілері маңызды әлеуметтік бастамаларды іске асыруды жалғастыруда. Қайырымдылық акциясы аясында КМГ қызметкерлері UMC Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығының онкология бөлімшесіне үш теледидар табыстады. Жаңа жабдық балалар ұзақ процедуралар мен жүйелі тамшылатпалы ем алатын манипуляциялық кабинеттерге орнатылды.
Теледидарлар жас пациенттердің емдеу кезіндегі мазасыздығын жеңілдетуге, назарын басқаға аударуға және қолайлы атмосфера қалыптастыруға көмектеседі. Бұл бастама ұзақ емделуге байланысты күйзеліске толы, эмоциялық жағынан ауыр жағдайларды бастан өткеріп жатқан балалар мен олардың ата-аналарын қолдауға бағытталған.
«Балалардың қандай сынақтардан өтіп жатқанын көргенде бейжай қалу мүмкін емес. Біз олардың күнделікті өміріне жылылық пен жайлылық әкелгіміз келді. Бұл теледидарлар – жай ғана техника емес, олар балалардың ауырсыну мен қорқынышты біраз уақытқа ұмытып, көңіл-күйін жақсартуға арналған құрал», – деді «ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС бухгалтерлік есеп және есеп беру қызметінің менеджері Әлемгүл Рахметова.
Аталған акция КМГ-нің корпоративтік еріктілік бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Бұл бағдарлама аясында холдинг қызметкерлері медициналық мекемелер мен осал топтарға қолдау көрсету мақсатында тұрақты түрде қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырып келеді.