«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысуда

2025 жылғы 23 шілдеде елімізде «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Республикалық штаб Шымкент қаласында орналасқан. Оқу-жаттығу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрінің жетекшілігімен өткізілуде.

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштері, сондай-ақ ТЖМ бөлімшелері жоғары дайындық деңгейіне келтірілді. Сонымен қатар республикалық және қалалық жедел штабтар және зардап шеккен халықты уақытша орналастыруға арналған шатырлы қалашықтар құрылды.

Оқу-жаттығу барысында екі күн ішінде қатысушылар төтенше жағдайлар кезінде жедел және шұғыл қызметтер арасындағы өзара іс-қимыл мен үйлестірудің практикалық дағдыларын пысықтайды.

Оқу-жаттығудың практикалық кезеңі сейсмикалық қауіпті аймақтарда — Алматы, Шымкент қалаларында, Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында өтеді. Бұл өңірлер жойқын жер сілкінісі қаупі бар аймақтар болып табылады. Қалған өңірлерден апат аймақтарына күштер мен құралдарды жөнелту ұйымдастырылады.

Оқу-жаттығу аясында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің азаматтық қорғау жанар-жағармай материалдары қызметінің құрамында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС қызметкерлері белсенді түрде қатысуда. Компания мамандары шартты жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарға авиациялық отын, майлау материалдары және басқа да ЖЖМ түрлерін жеткізуді қамтамасыз етуге тартылған.

Шынайы жағдайларға барынша жақын ортада жанар-жағармай материалдарын жеткізу алгоритмдері, жанармай құю пункттерін ұйымдастыру, авиациялық және жерүсті бөлімшелерімен өзара іс-қимыл, сондай-ақ қиын қолжетімді аймақтарға логистиканы ұйымдастыру мәселелері пысықталуда.

«Жер-2025» оқу-жаттығуы жер сілкінісі кезінде әрекет етуге дайындықты арттыру мен әрекет ету жүйесін жетілдіруге бағытталған.

photo_2026-08-11_10-17-46
ҚМГ-Аэро Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясының рейстеріне жанармай құя бастады
ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының...
1
Ақтөбе-Ташкент рейсінің іске қосылуы: ҚМГ-Аэро Centrum Air ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз етеді
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Өзбекстанның Centrum Air компаниясы Ақтөбе халықаралық...
Image 2026-07-23 at 11.29
Қазақстандағы SAF жобасы келесі кезеңге өтуде
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы), «KazFoodProducts»...
image
ASL Airlines Belgium Қазақстан нарығына кірді: ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бельгиялық ASL Airlines Belgium жүк тасымалдайтын...
photo_2026-06-25_12-42-20
Алматы әуежайында Jet A-1 маркалы авиаотын алғаш рет әуе кемесіне құйылды
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines...
DSC_4028
ҚазМұнайГаз-Аэро мен Air Astana авиациялық отынмен қамтамасыз етуді тұрақты дамыту келешегін талқылады
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Air Astana әуекомпаниясы басшылығының жұмыс кездесуі өтіп, онда авиациялық...
5312321731781401797
Қауіпсіздік – басты назарда: ҚазМұнайГаз-Аэро қызметкерлері арнайы оқытудан өтті
2026 жылғы 20 маусымда «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нде «Sary-Arka Training» компаниясының мамандарымен бірлесіп...
5294295728270285678
ҚМГ-Аэро Ташкент-Қостанай бағыты бойынша Centrum Air жаңа рейсін отынмен қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және Centrum Air өзбек әуе компаниясы Қостанай...
5280974466294946281
Cargolux Қазақстандағы қызметін кеңейтуде: елдің транзиттік әлеуеті жаңа белеске көтерілуде
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС басшылығы мен халықаралық жүк әуе тасымалдаушысы Cargolux компаниясының...
Flyone2
ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда жаңа халықаралық тасымалдаушы компанияның рейстерін жанармаймен қамтамасыз етеді
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және FlyOne Armenia әуе компаниясы Алматы халықаралық әуежайында ұшақ «қанатына»...